26 қараша күні «Барыс» клуб серіктесі «Туризм мен спортты қолдау Қорымен» бірлесіп өзінің 24-жылдығын атап өтті. 500-ден аса адамды жинаған іс-шара «Mega Silk Way» сауда кешені мұз айдынының жанында өтті.
Жанкүйерлерге арнап викторина ұйымдастырылып, естелікке сыйлықтар тарту етілді. Сонымен қоса, жанкүйерлер «Барыс» ойыншылары Нельсон Ножье, Әлихан Әсетов және Аркадий Шестаковтың қолтаңбаларын алып, суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара соңында хоккейшілер мен клуб бойтұмары Барсик келушілермен бірге мұз айдында сырғанады.
Әлихан Әсетов, «Барыс» шабуылшысы:
- «Барыстың» барлық қызметкерін, ойыншыларды, бапкерлерді, және әрине, біздің сүйікті жанкүйерлерімізді клубтың туған күнімен құттықтаймын! Бүгін достарымыздың ортасында болғанымыз үшін қуаныштымыз. Шынын айтқанда, осынша көп адам жиналады деп ойлаған жоқпыз. Шынайы жанкүйерлер ештеңеге қарамастан, қолдау көрсетуді тоқтатпай келеді. Бәріңізге мықты денсаулық, еңбекте табыс пен ырыс-береке тілеймін!
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.