ӘЧ-2023. Қазақстан – Словакия 4:3 Б
20 Мамыр 2023

ӘЧ-2023. Қазақстан – Словакия 4:3 Б

Әлем чемпионатындағы бесінші ойында Қазақстан құрамасы буллиттер сериясында Словакиядан келген қарсыластарын жеңді.

Словакия құрамасы бірінші кезеңде Патрик Кохтың дәл соққысының арқасында есеп ашты. Қазақстандықтар өз голдарын екінші кезеңнің басында соқты, төрт минуттан астам уақыт ішінде біздің қарсыластарымыздың қақпасына үш шайба соғылды. Турнирде алғаш рет Роман Старченко мен Евгений Рымарев гол соқты, сондай-ақ олардан басқа Валерий Орехов гол авторы атанды. Алайда, қарсыластар есепті ойын аяқталар алдында теңестіріп үлгерді.

Кездесу соғылған голсыз өткен овертаймға ұласты. Ал буллиттер сериясында Ғалым Мамбеталиевтің шәкірттері қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Айта кетері, Қазақстан құрамасы әлем чемпионаттары тарихында Словакия құрамасын алғаш рет жеңді.

Біздің құрама сапында кездесудің үздік ойыншысы болып Андрей Шутов атанды, ол қақпасын 48 рет қорғап қалды. Біздің команданың келесі қарсыласы Латвия құрамасы болады. Кездесу 20 мамыр күні өтеді.

Қазақстан – Словакия 4:3 Б (0:1, 3:0, 0:2, 0:0, 1:0)

0:1 – 14:58 – Кох (Хривик)

1:1 – 21:03 – Старченко (Рымарев, Данияр)

2:1 – 24:50 – Орехов (Михайлис, Старченко)

3:1 – 25:22 – Рымарев (Михайлис, Старченко) КГ

3:2 – 48:33 – Паник (Хривик, Кох)

3:3 – 56:58 – Регенда (Хривик, Иван)

4:3 – 65:00 – Рымарев БҚ

Қақпашылар: Шутов – Главай

Фото – ИИХФ

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың бапкерлер штабы

new-preview
Nomad

Маусым қорытындылары | Калмыков, Дубинскас

new-preview
Nomad

Маусым қорытындылары | Логвин, Сулейменов