«Барыс-Арена» баспасөз орталығында «Барыс» хоккей клубы басшылығының БАҚ өкілдерімен кездесуі өтті. Журналистердің сұрақтарына клуб президенті Борис Иванищев пен негізгі команданың бас жаттықтырушысы Андрей Скабелка жауап берді.
Андрей Скабелка Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы туралы
- Бұл маусым алды турнир екендігінен бастау қажет, осыған дейін біз үлкен жұмыс атқардық. Бұл турнирге дейін бізде қарсыластармен матчтар болған жоқ, бірақ біз әжептәуір екі жақты ойындар өткіздік. Жиындарда бізде алты буын толыққанды жұмыс істеді және кей жерде ойын режимін де сақтап тұрдық. Президент кубогына келетін болсақ, бұл турнир өте жақсы ұйымдастырылғанын айта кету керек. Екіншіден, көрермендердің қызығушылығы айтарлықтай болды. Бұл үшін жанкүйерлерге алғысымды білдіргім келеді. Ойнауға өте ыңғайлы болды, мұны жігіттердің көбі атап өтті. Спорттық құраушыға келетін болсақ, осыған дейін айтқанымдай, кей нәрселер қолдан келді, кей нәрселер келмей жатты.
Андрей Скабелка команда капитаны туралы
- Команда құрамы айтарлықтай жаңарды. Бүгінгі таңда капитан Никита Михайлис, ассистенттер - Линден Вей мен Антон Сагадеев болады деп шешім қабылдадық. Негізінде, мен әрдайым айтатынымдай, бізде әр ойыншы – капитан және әркім көшбасшы бола алады. Солай болады деп үміттенемін. Мүмкін болашақта біз кей нәрселерді өзгертерміз, қажет болса түзетерміз.
Андрей Скабелка «Металлургпен» ойынның қосымша қызығушылық тудыруы туралы
- Бұл кездесу басқалардан гөрі біз үшін аса маңызды болды деп айта алмаспын. Бізге әр мачта жеңіске жету маңызды. Ал қарсылас кім екені маңызды емес.
Андрей Скабелка Дінмұхамед Қайыржанның ойыны туралы
- Жақсы әсер қалдырды. Біз ол жайлы Борис Анатольевичпен жазда сөйлескен едік. Жиындар басталғалы бері ол өзін жақсы жағынан танытуда, бірінші болып келеді және соңғы болып кетеді. Өте ынталы және дарынды жігіт. Ол қазір ойыншы ретінде шындалуда, келешекте не болатынын көрейік.
Андрей Скабелка қақпашылардың ойыны туралы
- Біз маусымға Бояркинмен және Шутовпен қадам баспақпыз. Ойындарды кім бастайтынын, біз әлі көре жатармыз, алда үш ойын бар, әлі талқылайтын боламыз. Екеуі де жақсы жұмыс жасады, және олар қаншалықты жақсы деңгейге жететіні тек өздеріне ғана байланысты. Жаттығу кезінде олар бір-бірін ынталандырады, бірінші қақпашының орны үшін күресуде. Менің ойымша, бұл бәсекелестік олардың күштірек болса түсуіне, ұлттық құрамадағы орнын алатын мықты қақпашыларға айналуына көмектеседі.
Борис Иванищев легионер-қақпашы туралы
- Әзірге біз өз күшімізбен ойнаудамыз, бірақ маусым ұзақ қой, құдай сақтасын, қақпашылардың біреуі жарақат алмаса еді. Маусым барысында көрерміз. Әзірге біздің қақпашылардың шамалары жетуде.
Борис Иванищев Алматыдағы көрме матчтары туралы
- Келесі маусымға бізде Алматыда ойындар жоспарланған болатын, бірақ жаңа күнтізбеге байланысты, өкінішке орай, оларды өткізу мүмкін болмай тұр. Енді келесі жылға жоспарлап отырмыз. Басқа қалаларда матчтарды өткізу мәселесі әлі шешілмеді, тек Алматыдағы Мұз сарайы ғана ҚХЛ регламентіне сәйкес келеді.
Борис Иванищев Валерий Орехов туралы
- Біз оған ұсыныс жасадық. Лайықты хоккейші әрқашан жақсы жалақы мен күрделі тапсырмалар қоятын клубқа ұмтылады. Құрама үшін ол ойнайтын болады. Бірақ басқа клубтың ұсынысын қабылдады. Біз үшін мұндай клубтармен бәсекелесу қиын.
Борис Иванищев клубтың ребрендингі туралы
- ҚХЛ-дың барлық клубтары өз логотиптерін жаңартты. Тек біз ғана 23 жыл күттік. Жанкүйерлер жаңа логотипі бар өнімдерді жақсы сатып алуда.
Борис Иванищев «Томиристің» ӘХЛ-ға кіруі туралы
- Барлығы қаржылық мүмкіндіктерге байланысты болады. Келесі жылы көрерміз жағдайды.
Борис Иванищев «Қар Барыстарын» ЖХЛ-ға қайтару туралы:
- «Қар Барыстары» Қазақстан чемпионатында лайықты өнер көрсетуде деп ойлаймын. Менің ойымша, олар ересек командалармен ойнаудан көбірек пайда алады.
Андрей Скабелка Гусейнов, Қайыржан және Шайхмедденовтің Қазақстан Кубогына «Номад» құрамында жарияланғаны туралы
- Бұл - клубтың жүйесі. Біз Қазақстан Кубогына ойнай алатын ойыншыларды тіркейміз, ал олар ойнай ма, ойнамай ма бұл жайлы шешім кейін қабылданатын болады. Қазір олар командамен бірге турнирге Челябинскіге аттанады, «Барыспен» бірге маусымға дайындалуда.
Андрей Скабелка команданы жасақтау және алдағы маусымға дайындық туралы.
- Қазір команда қанша пайызға дайын екенін айту қиын. Біз турнирде тек үш ойын өткіздік, бұл үш ойынның өзі бізге әжептәуір ақпарат берді. Қазір Челябинскідегі турнирге қатысу үшін жолға шықпақпыз. Біздің ойымызша, бұл турнирге командалар оңтайлы құрамда келу керек. Менің ойымша, бұл турнирде одан да көп ақпарат ала алатын боламыз және позициялардың қайсысы күшейтуді қажет ететінін көретін боламыз. Қазір біз маңызды жазғы жұмыс жүргіздік. Команданы қалыптастыру оңай процесс емес екені түсінікті. Іріктеу туралы - мен күн сайын осы бағытта жұмыс істейтінімізді және оны жалғастыра беретінімізді айтып едім. Енді мәселе тудырарлық жерлерді көру үшін тек ойнау ғана қажет.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.