«Снежные Барсы» Тула қаласының командасымен сырт алаңдағы екінші кездесуін өткізді. Бұл жолы астаналық ұжым қарсыласын негізгі уақытта 5:1 есебімен ойсырата жеңді.
Алғашқы кезеңде мұз айдынының иелері Максим Сапоговтың дәл соққысының арқасында есеп ашты. Алайда кейін ойын тізгіні «Снежные Барсы» командасының қолына өтті. Есепті команда капитаны Леонид Ждановский теңестірді. Ол қарсылас аймағында айласын асырып, Иван Филатовтың қақпасына шайба салды.
Екінші кезеңде Артём Коротковтың көмегімен Егор Кравченко екінші шайбаны соқты. Ал үшінші голды Леонид Ждановский өз есебіне жазып, дубль авторы атанды. Ол қарсыласынан шайбаны тартып алып, қақпашының қақпасына дәл бағыттады.
Қорытынды кезеңде Егор Кравченконың нәтижелі пасынан кейін Артём Коротков МХЛ-дегі алғашқы шайбасын соқты. Кездесудің соңғы нүктесін Таир Бигаринов қойды.
Қазіргі уақытта «Снежные Барсы» 20 матчта жинаған 17 ұпаймен өз дивизионында үшінші орында келеді.
«АКМ-Юниор» - «Снежные Барсы» 1:5 (1:1, 0:2, 0:2)
1:0 - 09:24 - Сапогов (Зубарев, Мельников)
1:1 - 14:03 - Ждановский (Дубинкин, Турсынов)
1:2 - 25:03 - Кравченко (Коротков, Тілеухан)
1:3 - 29:41 - Ждановский
1:4 - 45:22 - Коротков (Кравченко)
1:5 - 49:46 - Бигаринов (Турсынов)
Қақпашылар: Филатов (45:22-60:00 Буйдов) - Мыльников
Матч статистикасы:
• Лақтырулар: 65-50
• Қақпаға дәл бағытталған лақтырулар: 38-31
• Шайбаны ойынға қосу: 29-28
• Бұғатталған лақтырулар: 9-20
• Күштік әдістер: 8-9
• Айып уақыты: 4-10

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.