Бейбарыс Оразов: «Осындай деңгейде ойнауға мүмкіндік бергені және сенім артқаны үшін бапкерлер құрамына ризамын»
18 Қыркүйек 2024

Бейбарыс Оразов: «Осындай деңгейде ойнауға мүмкіндік бергені және сенім артқаны үшін бапкерлер құрамына ризамын»

Бейбарыс Оразов кеше ғана «Снежные Барсы» сапында «Тюменский Легионға» қарсы сырт алаңда ойнап, бүгін «Барыс» құрамында КХЛ-да дебют жасады. Мұз айдынында сегіз минутқа жуық ойнаған 19 жастағы қорғаушы «Автомобилистке» қарсы жеңісті ойынға пікір білдірді.

Керемет ойын болды. Әрине, басында толқу болды, бірақ бәрі бізді қолдады. Ең бастысы, жеңіске жеттік. Менің айыпқа кеткенімде аздап уайымдадым, бірақ жылдам бейімделіп, ойынға қайта оралдым. Ойын барысында маған қалай әрекет ету керек екенін айтып отырды.

- «Снежные Барсы» МХЛ-де маусымды жаман бастамады. Негізгі командадан шақырту күткен бе едің?

- Жоқ, шақырту күтпедім, тек өз хоккейімді ойнап, командаға пайда әкелуге тырыстым. Кеше Тюменьдегі ойыннан кейін бірден бізге Екатеринбургке келуіміз керек екенін айтты. Түнде келдік, аздап тынығып, түскі ас ішіп, матчқа шықтық. «Барыс» бапкерлер құрамына сенім артқаны және осындай деңгейде ойнауға мүмкіндік бергені үшін ризамын.

- «Автомобилистке» қарсы ойында қандай сәт шешуші болды деп ойлайсың?

- Қарсылас қақпаға қауіп төндіргенде барлық жігіттер төзімділік танытты. Сонымен қатар, Никита Бояркин бірнеше қауіпті соққыны қайтарды, ал біздің ойыншылар өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды.


028- 17-09-2024-Kolchin-.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың бапкерлер штабы

new-preview
Barys

Талғат Китаров - Барыс БЖСМ директоры

new-preview
Barys

«Барыс» клубының маусым алдындағы дайындық жоспары