Бекетаев, Шалапов, Савицкий және Сағадеев Барыста қалады
22 Сәуір 2022

Бекетаев, Шалапов, Савицкий және Сағадеев Барыста қалады

«Барыс» хоккей клубы қорғаушылар Әділ Бекетаевпен және Егор Шалаповпен, сондай-ақ шабуылшылар Кирилл Савицкиймен және Антон Сағадеевпен келісімшарттардың ұзартылғаны туралы ресми түрде хабарлайды. Хоккейшілер бір маусымға (2023 жылғы 30 сәуірге дейін) екі жақты келісімдерге қол қойды.

Әділ Бекетаев «Барыс» сапына өткен жазда келді. Қорғаныс ойыншысы маусымның көп бөлігін «Номад» сапында өткізді. Қазақстанның тұрақты чемпионатында Әділ 29 ойын өткізіп, 20 (9+11) ұпай жинады. Pro Ligasy плей-офф кезеңінде Әділ Бекетаев 11 кездесу өткізіп өз еншісіне 8 (1+7) ұпай жазды. 2022 жылы 9 наурызда хоккейші Құрлықтық хоккей лигасында алғашқы ойынын өткізді.

Егор Шалапов 2016 жылдан бері клуб жүйесінде. Өткен маусымда қорғаушы ҚХЛ-дағы «Барыстың» 47 кездесуінде (плей-оффтағы 4 ойынды қоса алғанда) мұзға шығып, 5 (1+4) ұпай жинады.

Кирилл Савицкий 2021 жылдың жазында «Барысқа» оралып, өзінің ҚХЛ-дағы алғашқы маусымын өткізді. Осы уақыт ішінде ол 46 ойынға қатысып (плей-оффтағы 5 ойынды қоса алғанда), 18 (6+12) ұпай жинады.

Антон Сағадеев өткен маусымды «Локомотивте» бастаған еді, бірақ әрі қарай «Барысқа» оралуға шешім қабылдады, біздің командада ол қысқа үзіліспен 2009 жылдан бері өнер көрсетуде. Өткен маусымның 20 матчында қазақстандық ұжым құрамында (плей-оффтағы 5 ойынды қоса алғанда) шабуылшы үш шайба соқты.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
15 фото
Barys

Амур - Барыс

video-preview
Barys

Жеңіс бөлме | «Адмирал» - «Барыс»

new-preview
12 фото
Barys

Адмирал - Барыс