Батырлан Мұратов алдағы екі маусым «Барыста» ойнайды
12 Шілде 2023

Батырлан Мұратов алдағы екі маусым «Барыста» ойнайды

«Барыс» хоккей клубы Батырлан Мұратовпен келісімшартқа жасасқанын ресми мәлімдейді. Екіжақты келісімшарт екі маусымға 2025 жылдың 30 сәуріне дейін есептелген.

Өткен маусымда шабуылшы «Барысқа» қайта оралып, ҚХЛ-да 11 матч өткзііп, бір нәтижелі пасты өз есебіне жазды. Негізгі командадан бөлек, Мұратов «Номадқа» Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін еншілеуге көмектесті. Ел біріншілігінің тұрақты кезеңі 12 ойынында 11 (2+9) ұпай олжалады. Кейіннен Pro Hokei Ligasy плей-оффында 21 (6+15) ұпай жинап, үзідк сұрмерген атанды.

Вячеслав Белан, «Барыс» ХК бас менеджері

- Мұратов – өте талантты әрі техникасы мықты ойыншы. Өткен маусымда ол клубқа көп пайдасын тигізді, «Номадтың» нағыз көшбасшысы болып, әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетті. Батырлан өзімен жұмыс істеуін жалғастырып, негізгі командадағы өз орнын алады деп сенеміз.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Таныс болыңыздар, Дэвид Немировски

new-preview
Barys
Nomad

Никитин мен Макеев Номадта бір жылға қалады

new-preview
Barys
Nomad

Калмыков пен Авдеенко мансабын Номадта жалғастырады