Барыс Jastar Ligasy-нда көш бастады
25 Қаңтар 2025

Барыс Jastar Ligasy-нда көш бастады

DSC_7032.JPG

24-25 қаңтарда «Барыс» жастар командасы өз айдынында атыраулық «Жас Батырды» қабылдады. Алғашқы йоында хет-трик жасаған Таир Бигаринов кездесу қаһарманы атанды. Тағы бір шайба Аңсар Алдоңғардың еншісінде. Қақпашы Арсений Кучковский 38 соққыға тосқауыл болды.

 «Барыс» - «Жас Батыр» 4:3 (2:0, 1:1, 1:2)

1:0 - 06:49 - Бигаринов (Кравченко, Алдоңғар)

2:0 - 17:44 - Бигаринов (Алдоңғар, Тұрсынов) СБШ

3:0 - 30:11 - Алдоңғар (Кравченко, Бигаринов)

3:1 - 31:54 - Гусейнов (Игнатов, Бойцов)

3:2 - 43:56 - Киселёв (Гусейнов) СБШ

3:3 - 44:47 - Киселёв (Гусейнов, Игнатов)

4:3 - 49:45 - Бигаринов (Кенжеғали, Цой)

Қақпашылар: Кучковский – Еркинов

DSC_7011.JPG

Екінші матчта Бигаринов тағы да қарсылас қақпасына үш шайба соқты. Расул Тұрсынов пен Әділхан Саттар өз есептеріне бір шайбадан жазды. Қақпашы Никита Кулаков 39 сейв жасады.

 «Барыс» - «Жас Батыр» 5:2 (0:0, 4:1, 1:1)

0:1 - 22:56 - Еркинов (Бойцов, Актаев)

1:1 - 29:10 - Бигаринов

2:1 - 30:28 - Бигаринов (Алдоңғар)

3:1 - 30:58 - Тұрсынов (Саттар, Тлеухан)

4:1 - 35:38 - Саттар (Тлеухан)

4:2 - 45:08 - Иконников (Чокпаров, Рудаков)

5:2 - 58:26 - Бигаринов БҚ

Қақпашылар: Кулаков - Еркинов (Костоев, 35:38-58:10, 58:26-60:00)

Владимир Завьялов шәкірттері 42 матчта 62 ұпай олжалады. Бүгінде бұл нәтижемен астаналық команда турнирлік кестеде көш бастап тұр. Командамыздың келесі қарсыласы – «Алматы». Матчтар 28-29 қаңтарда Астанада өтеді.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
42 фото
Barys

Барыс 3х3 | 13 тур | 1 күн

new-preview
Barys

Барыс – Ақ Барс матчы қарсаңында

new-preview
Barys
Nomad

Номад ойыншылары балаларды оңалту орталығына барып келді