Барыс буллиттер сериясында Нефтехимиктіжеңді
03 Қараша 2024

Барыс буллиттер сериясында Нефтехимиктіжеңді


DSC_9699.jpg

«Барыс» өз айдынындағы матчтар сериясын«Нефтехимикке» қарсы ойынмен жалғастырды. 

Ойынның алғашқы кезеңінде жанкүйерлер түрлісәттерге толы болды. Алдымен төрешілер «Барыс» қақпасына соғылған шайбаны есепке алмады. Себеп – шайба қақпаның қызыл сызығын толықкесіп өтпеген. Әрі қарай айдын иелері екі еселенгенсан басымдығына ие болып, ойын сәттерініңбірінде Никита Сетдиков жасаған соққы қақпабағанасына тиді. Дәл осы қақпа бағанасы сәлденсоң Никита Бояркинге көмекке келді. Үзіліскеаттануға 85 секунд қалғанда нижнекамскіліккоманда есеп ашты. Артық құрамдағы ойын кезіндеВячеслав Лещенко көзге түсті. Екінші кезеңніңортасында Кирилл Савицкий де сан басымдығыкезінде нәтижелі соққы жасады. Осылайша, жарақатынан енді ғана айыққан форвард біріншіматчында-ақ шайба соқты. Батырлан Мұратовмаусымдағы алғашқы нәтижелі пасын берді. 

Үшінші кезең мен овертаймда таразы басы екікоманда жаққа да ауыр тартып кетуі мүмкін еді. Қос ұжымда да сан басымдығы кезінде шайба соғатын керемет мүмкіндіктерге ие болған, алайдақақпашылар мінсіз ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде, матч жеңімпазы буллиттерсериясында шешіліп, қазақстандық ұжыммергенірек болды. Батырлан Мұратов шешушісоққының авторы атанды. Никита Бояркин 32 соққыға тосқауыл болды. 

Осы табысының арқасында «Барыс» Лиганыңтурнирлік кестесіндегі соңғы орыннан кетіп, бірсатыға жоғарылады. 5 қарашада ҒалымМамбетәлиев шәкірттері өз айдынында «АқБарсты» қабылдайды. 

«Барыс» «Нефтехимик» 2:1 Б (0:1, 1:0, 0:0, 0:0, 1:0)

0:1 – 18:35- Лещенко (Барбер, Митякин) СБШ

1:1 – 29:44 – Савицкий (Камалов, Муратов) СБШ

2:1 – 65:00 – Муратов Б

Қақпашылар: Бояркин – Долганов 

«Барыс Арена»5415 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс қатарынан бесінші рет жеңілді

new-preview
13 фото
Barys

ЦСКА - Барыс

new-preview
Barys

ЦСКА – Барыс матчы қарсаңында