«Барыс» маусымдағы алғашқы өз айдынындағы матчтар сериясын минскілік «Динамоға» қарсы ойынмен түйіндеді. Владислав Кодола мен Чейс ДеЛео астаналық команда жейдесіндегі алғашқы матчтарын өткізді. Маусымда тұңғыш рет Әлихан Әсетов пен Артём Королёв құрамға енді, десе де қорғаушы әзірге ойын уақытын алған жоқ. Роман Старченко матчқа қатыспағандықтан, команда капитаны міндетін Кирилл Савицкий атқарды.
Кездесудің алғашқы бөлігінде минскілік команда аздаған басымдыққа ие болғанымен, шайба соғылған жоқ. Ал екінші кезеңнің басында екі ұжым нәтижелі ойын өрнегін көрсетті. Екі минуттан аз уақыт ішінде Вадим Мороз дубль авторы атанып үлгерді. Осы екі шайбаның арасында Майкл Маклауд үшке бір шабуылды жүзеге асырып, ҚХЛ-дағы дебюттік голын соқты.
Матчтың қорытынды бөлігінің басында астаналық хоккейшілер екі рет кем құрамда ойнап, ойын барысына өзгеріс енгізе алды. «Барыс» таразы басын теңестіруге жақын болғанымен, тағы да қарсылас команда көзге түсті. Диллон Дюбе айдын иелерінің қақпашысы Никита Бояркиннің осал тұсын таба білді. Осы сәт ойында шешуші рөл атқарды. Артынша Даниил Сотишвили қазақстандық команданың бос қақпасын дәл көздесе, Мороз тең құрамдағы ойын кезінде хет-трик авторы атанды.
17 қыркүйек күні Дэвид Немировски бастаған команда маусымдағы алғашқы сырт айдындағы матчын өткізеді. «Барыс» Екатеринбургте жергілікті «Автомобилистпен» кездеседі.
«Барыс» - «Динамо» Минск 1:5 (0:0, 1:2, 0:3)
0:1 – 22:23 – Мороз (Гросс)
1:1 – 23:54 – Маклауд (Бекетаев)
1:2 – 24:38 – Мороз (Лайл, Горбунов)
1:3 – 56:14 – Дюбе (Гросс, Усов)
1:4 – 58:11 – Сотишвили (Мелош) КҚШ БҚ
1:5 – 58:58 – Мороз (Хэмилтон)
Қақпашылар: Бояркин – Кареев (Вельмакин, 43:44-60:00)
«Барыс Арена». 6285 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.