Қазан айындағы өз алаңындағы соңғы матчта «Барыс» «Автомобилистпен» кездесті. Ойынға өтінімде Асанәлі Сәркенов, Абзал Әлібектің орнына 13-шабуылшы ретінде тіркелді. Қақпаны қорғау міндеті Андрей Шутовқа жүктелді.
Алғашқы кезеңде «Барыс» сәл басымдық танытып, мүмкіндіктерінің бірін голға айналдырды. Чейз Приски қорғаушыны айналдыра соққы жасап, қақпашыны қапы қалдырды
Екінші кезеңнің ортасында Артем Каштанов қақпа алдында бос қалып, есепті теңестірді. Алайда үзіліске бір минуттан сәл астам уақыт қалғанда Джейк Масси көк сызықтан дәл соққы жасап, астаналықтарды қайтадан алға шығарды.
Үшінші кезеңде Дінмұхамед Қайыржан Прискидің тамаша пасынан кейін сан басымдығын пайдаланып, шайба соқты. Көп ұзамай Әлихан Өмірбековтің соққысынан кейін шайба ақ-қызыл түсті форма киген ойыншының аяғына тиіп, «Автомобилист» қақпасына енді. Бұл матчтағы соңғы гол болды. Андрей Шутов 28 соққыны қайтарды.
Енді «Барысты» сырт алаңдағы тоғыз матчтан тұратын ұзақ сапар күтіп тұр. 17 қазан күні Михаил Кравец ойыншылары Новосібірде «Сібірмен» кездеседі.
«Барыс» - «Автомобилист» 4:1 (1:0, 1:1, 2:0)
1:0 - 10:13 - Приски (Маккошен, Әсетов)
1:1 - 27:22 - Каштанов (Денежкин, Клэг)
2:1 - 38:42 - Масси (Шестаков, Қайыржан)
3:1 - 49:30 - Қайыржан (Приски, Бэйли) АГ
4:1 - 54:32 - Өмірбеков (Пилон)
Қақпашылар: Шутов - Зинаддин
«Барыс Арена». 10 588 көрермен.
«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
«Барыс» хоккей клубының серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ.

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.