«Барыс» - «Локомотив» матчынан кейін (1:4) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Алексей Жамнов, «Спартак» командасының бас жаттықтырушысы
- Қарсыласқа алғысымды білдіргім келеді. Лайықты қарсылас, тіпті ойындағы есепке қарамастан айтарым, ойын қиын болды. Біздің қолымыздан бәрі келіп жатты деп айту қиын, себебі кейде жақсы ойын өрнегін көрсетіп жатсақ, енді бір сәтте нашар ойнап жаттық, әсіресе екінші кезеңде. Ал негізі жеңістің аты жеңіс.
- Алексей Ковалевтің жаттықтырушылар штабына келгелі бері «Спартак» командасының шабуылдаушы шебі қаншалықты күшейе түсті?
- Нәтижені көріп отырсыз. Менің ойымша, оның шабуылдаушылармен жасайтын жұмысы өз жемісін беріп отыр.
- Командаңызда кубоктык ойындарға қатысу тәжірибесі бар ойыншылар аз екенін ескере отырып, алдағы плей-оффқа ойыншыларға қалай дем бересіз?
- Иә, бізде кубоктық ойындарға қатысу тәжірибесі бар жігіттер көп емес. Өзіміздің күшті де әлсіз жақтарымызды жақсы білеміз. Қазір ең бастысы, барлық жарақат алған жігіттердің құрамға оралуы және плей-оффқа дайындықты бастау. Ал мүмкіндіктерге келетін болсақ, плей-офф деген бұл плей-офф. Бұл чемпионат емес, көп нәрсе өзімізге байланысты болады.
Олег Болякин, «Барыс» бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы
- Өкінішке орай, жеңілістер қатары жалғасып келеді. Бүгін қарсылас басымдыққа ие болды. Жігіттерден шыдамдылықпен ойнауды сұрадық, бірақ әр ауысымда барын салып ойнап, табандылық таныту қажет деген ой барлық ойыншылардың басына ұяламаған сияқты.
- Үй айдынындағы ойындар сериясының барлық дерлік матчтарында қақпаны Паскуале қорғады. Бүгін Шутовты алғашқы минуттардан бастап қақпаға қою туралы ой болған жоқ па?
- Қақпашыны кінәлауға негіз жоқ, біз бір командамыз ғой. Бізде айталық, анау немесе мынау кінәлі деген жоқ. Менің ойымша, оның да қателіктері болды. Бірінші гол соғылған кезде, шегініп жер берген қорғаушы дұрыс ойнамады. Өз секторын беріп қойып, қарсыласқа гол соғуға мүмкіндік берді. «Спартак» Лигада ең көп гол соққан қоманда атанғаны жайдан жай емес екені анық. Олардың құрамында мықты хоккейшілер өнер көрсетіп жүр және біздің қателіктеріміз үшін олар бізді соғылған голдармен жазалады.
- Джозеф ЛаБейт құрамға қайта оралды, оның бүгінгі ойынына қандай баға берер едіңіз?
- Тырысып жатыр. Әрине бір айды өткізіп алды. Қалыпты деңгейге шығу үшін белгілі бір уақыт қажет деп ойлаймын.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.