Барыс Павлодарда шеберлік класын өткізді
16 Сәуір 2022

Барыс Павлодарда шеберлік класын өткізді

15 сәуірде Павлодарда «Спорт Сити» кешенінің мұз айдынында «Барыс» ойыншыларының қатысуымен балаларға арналған шеберлік класы өтті. Бұл іс-шара «Барыс» ХК және біздің серіктесіміз – Eurasian Resources Group (ERG) ынтымақтастығы аясында өтті.

Шеберлік класы екі блокқа бөлінген. Бірінші блокта «Барыс» ойыншылары Роман Старченко, Кирилл Савицкий және Ансар Шайхмедденов павлодарлық «Ертіс» командасының 2006 және 2007 жылы туған спортшыларымен өз тәжірибесімен бөлісті. Кейін біздің хоккейшілер Ақсу қаласының «Молния» командасының кішкентай шәкірттерімен жұмыс жасады. Бұл жаттығу 2010 және 2011 жылдары туған балалар үшін өткізілді. Команда ойыншыларының арасында Еуразиялық Топ кәсіпорындары қызметкерлерінің балалары да болды.

Сабақ барысында шеберлік класының барлық қатысушылары сырғанау, лақтыру техникасына стандартты жаттығулар орындады, серіктестермен өзара әрекеттесу элементтерін пысықтады. Сондай-ақ, жаттығу аясында екі жақты ойындар өтті.

Іс-шара дәстүрлі фото және қолтаңба сессиясымен аяқталды, оның барысында жас спортшылар кәсіби спортшылармен әңгімелесуге мүмкіндік алды. «Барыс» хоккейшілері өз мансаптарының ең қызықты сәттерін еске алып, кеңестер берді, сондай-ақ өздерінің кәсіби киімдерінің ерекшеліктері туралы айтып берді.

Шеберлік класына қатысушылар «Барыс» пен «ERG» дайындаған естелік сыйлықтарын алды.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте өз аренасында Тракторға қарсы кездесуімен бастайды

new-preview
Barys

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі: ҚХФ мен ҰННПЦФК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

new-preview
27 фото
Barys

Барыс 3х3 | 23 тур | 4 күн