20 сәуір күні Ақтөбе қаласының Мұз сарайында «Барыс» ойыншыларының қатысуымен балаларға арналған шеберлік класы өтті. Бұл іс-шара «Барыс» ХК және біздің серіктесіміз – Eurasian Resources Group (ERG) ынтымақтастығы аясында өтті.
Шеберлік класына Роман Савченко, Самат Данияр және Дінмұхамед Қайыржан қатысты. Таңғы сессияда спортшылар 2012 жылы туған балалар ойнайтын Ақтөбелік «Олимп» командасының тәрбиеленушілерімен жаттығу өткізді. Кейін біздің ойыншылар өздерін жаңа рөлде сынап көрді және Хромтау қаласының допты хоккейден «Горняк» командасымен жаттығу өткізді. Команда ойыншыларының арасында ERG кәсіпорындары қызметкерлерінің балалары болды.
Іс-шара дәстүрлі фото және қолтаңба сессиясымен аяқталды, оның барысында жас спортшылар кәсіби спортшылармен әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Шеберлік класына қатысушылар «Барыс» пен «ERG» дайындаған естелік сыйлықтарын алды. Жауап ретінде кәсіби ойыншыларға допты хоккей ойнауға арналған клюшкалар сыйланды.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.