«Барыс» қазан айындағы өз алаңындағы ойындар сериясын «Сібірмен» кездесумен жалғастырды. Медициналық себептерге байланысты Всеволод Логвин бұл матчқа қатысқан жоқ. Оның орнына бірінші үштікте Әлихан Өмірбеков ойнаса, үшінші үштіктегі құрамға Дінмұхамед Қайыржан қосылды. Қақпаны бастапқы минуттан бастап Хантер Шепард қорғады.
Матчтың басталуы «Авангардқа» қарсы өткен ойынға ұқсас болды. Қонақтар сан басымдығын сәтті пайдаланып, есеп ашты. Степан Никулин мергендік танытты. Алайда «Барыс» көп ұзамай таразы басын теңестірді. Екінші үштіктің шабуылынан кейін Мэйсон Морелли шайбаны қақпаға дәл бағыттады. Ал үзіліске екі минут қалғанда елордалықтардың капитаны Кирилл Савицкий шабуылға екінші қарқынмен қосылып, осы маусымдағы алғашқы голын соқты.
Екінші кезеңнің басында Михаил Бердиннің қақпасына тағы бір шайба түскендей көрінгенімен, «Сібір» бапкерлер штабының сұрауынан кейін төрешілер голды есепке алмады. Қақпашыға кедергі жасалғаны анықталды.
Шешуші кезеңде новосібірліктер ойын барысын өз пайдасына өзгертті. Тэйлор Бек сан басымдығын голға айналдырса, Павел Тютнев қақпашыдан қайтқан шайбаны сәтті пайдаланып, «Барыстың» қатарынан үш матчқа созылған жеңісті сериясын тоқтатты. Бұл кездесуде Хантер Шепард қарсыластың 27 соққысына тосқауыл болды.
14 қазан күні Михаил Кравец ойыншылары өз алаңында «Автомобилист» командасын қабылдайды.
«Барыс» - «Сібір» 2:3 (2:1, 0:0, 0:2)
0:1 - 11:38 - Никулин (Бек, Диц) АГ
1:1 - 13:24 - Морелли (Дэй, Масси)
2:1 - 18:09 - Савицкий (Бэйли, Данияр)
2:2 - 50:58 - Бек (Диц, Никулин) АГ
2:3 - 55:36 - Тютнев (Орлов, Никулин)
Қақпашылар: Шепард - Бердин
«Барыс Арена». 9785 көрермен.
«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
«Барыс» хоккей клубының серіктесі - Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.