JastarLigasy регулярлы чемпионатының кезекті матчында «Барыс» жастар командасы сырт айдында «Құлагерді» тізе бүктірді. Жеңіс шайбасын қазіргі чемпионаттың үздік бомбардирі Нұрәлі Айтмағамбетов соқты. Ол шешуші кезеңнің ортасында артықшылықта көзге түсті. Сондай-ақ Хәкім Құбатаев, Алдияр Қабдуәлі, Әмір Ғафуров, Әлішер Аманғалиев және Тамерлан Тілеубаев та өздерінің снайперлік есептерін толықтырды. Қонақтар қақпашысы Арсений Кучковский қақпаға бағытталған 20 шайбаны қайтарды.
Бұл жеңістің арқасында Андрей Шаяновтың ойыншылары турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. Қазіргі таңда біздің команда қоржынында 40 ұпай бар.
«Кулагер» - «Барыс» 4:6 (1:3, 2:1, 1:2)
0:1 – 06:48 – Құбатаев (Мұқашев)
1:1 – 17:19 – Хусаинов (Черней, Дрождин)
1:2 – 18:20 – Қабдуәлі (Айтмағамбетов, Тілеубаев)
1:3 – 19:19 – Ғафуров (Аманғалиев, Церульников)
1:4 – 21:11 – Аманғалиев (Гафуров, Церульников)
2:4 – 32:24 – Дрождин (Хусаинов)
3:4 – 37:25 – Седов (Гридчин)
3:5 – 51:30 – Айтмағамбетов (Тілеубаев, Церульников) АГ
3:6 – 58:33 – Тілеубаев (Қабдуәлі) АГ
4:6 – 59:33 – Хусаинов (Ілияс, Фролов)
Қақпашылар: Валентюкевич - Кучковский
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.