Жаңа маусымның алғашқы матчында «Барыс» өз айдынында «Нефтехимикті» қабылдады. Бүгін Коннор Смит, Уэйд Эллисон, Натан Больё, Уилл Бутчер мен Майкл Маклауд Құрлықтық хоккей лигасында дебют жасады. Сонымен қатар, Юхан Маттссон, Антон Бурдасов, Никита Камалов, Дамир Жафяров пен Виктор Антипин «Барыс» сапындағы алғашқы ресми матчтарын өткізді.
Ойынның алғашқы минуттарында басымдық нижнекасмкілік командада болды. Алайда әрі қарай «Барыс» ойынды теңестіріп, сан басымдығына ие болды. Сан басымдығындағы ойын үшін жасақталған бірінші арнайы құрам екі минут бойы шайбаны қарсыласы аймағында ұстағанымен, нәтижеге қол жеткізе алмады.
Командалардың екінші үзіліске аттануына аз уақыт қалғанда матчтағы алғашқы шайба соғылды. Айдын иелерінің қарсылас аймағындағы жүйелі шабуылының нәтижесінде Уилл Бутчер қақпа алдындағы әріптесі Уэйд Эллисонға пас беріп, осылайша 19-нөмірлі жейдедегі шабуылшы астаналық команданың жаңа маусымдағы бірінші шайбасының авторы атанды. Оған «Нефтехимик» үшінші кезеңінің ортасында жауап беріп, Владимир Брюквин қарымта шабуылдың нүктесін қойды.
Кездесудің соңына таман нижнекамскілік хоккейшілер сан басымдығына ие болды әрі ол овертаймға ұласты. Дегенмен, Олег Леонтьев шәкірттері тең құрамдағы ойын кезінде гол соқты. Жеңіс шайбасының авторы – Жан-Себастьен Ди.
Дэвид Немеровски шәкірттері келесі ойынын 6 қыркүйек күні өткізеді. «Барыс» елордада «Тракторға» қарсы ойнайды.
«Барыс» - «Нефтехимик»1:2 ОТ (0:0, 1:0, 0:1, 0:1)
1:0 – 36:40 –Эллисон (Бутчер, Маклауд)
1:1 – 49:36 –Брюквин (Соколов, Пастухов)
1:2 – 64:00 – Ди (Митякин)
Қақпашылар:Маттссон – Долганов
«Барыс Арена». 6922 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.