Барыс Арланмен кездесулерде төрт ұпай олжалады
06 Желтоқсан 2024

Барыс Арланмен кездесулерде төрт ұпай олжалады

DSC_5320.JPG

«Барыс» жастар командасы Jastar Ligasy тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті кездесулерін өз айдынында өткізіп, көкшетаулық «Арланды» қабылдады.

Бірінші ойында астаналық ұжымның табысқа жетуіне сәтті өткізілген алғашқы кезең көмектесті. Матчтың бұл бөлігінде айдын иелері қарсылас қақпасына үш шайба соқты. Кездесу қорытындысында 5:3 есебі тіркелді, «Барыс» - жеңімпаз. Кем құрамда және сан басымдығында шайба соққан Илья Шапоров дубль авторы атанды. Ратимир Трифонов, Аңсар Алдоңғар мен Әділхан Саттар бір шайбадан өз есептеріне жазды. Арсений Кучковский 26 соққыны кері қайтарды.

«Барыс» - «Арлан» 5:3 (3:0, 0:1, 2:2)

1:0 - 07:16 - Шапоров (Амырканов, Тұрсынов) СБШ

2:0 - 08:18 - Трифонов (Цой)

3:0 - 19:27 - Шапоров КҚШ

3:1 - 25:02 - Байков (Монахов, Толуспаев)

4:1 - 46:58 - Алдонгар (Трифонов)

5:1 - 50:36 - Саттар (Кенжегали) СБШ

5:2 - 55:22 - Аипов (Монахов) СБШ

5:3 - 56:09 - Пиниди (Базько, Аипов) СБШ

Қақпашылар: Кучковский – Габдуллин

DSC_5301.JPG

Келесі кездесуде екінші кезең шешуші рөл атқарды. Төрт шайба соққан Айтуар Нұржанов матчтың нағыз қаһарманы атанды. Астаналық команданың тағы бір голының авторы – Аңсар Алдоңғар. Қақпашы Арсений Кучковский 38 сейв жасады.

 «Барыс» - «Арлан» 5:2 (1:1, 2:0, 2:1)

1:0 - 02:00 - Нуржанов (Елдес)

1:1 - 08:09 - Пиниди (Базько, Толуспаев) СБШ

2:1 - 23:42 - Нуржанов (Кажибеков, Турсынов) СБШ

3:1 - 34:03 - Нуржанов (Кажибеков, Перкин)

4:1 - 48:41 - Алдонгар (Мырзатаев, Котлобаев)

4:2 - 51:05 - Монахов (Аипов, Пиниди) СБШ

5:2 - 55:52 - Нұржанов

Қақпашылар: Кучковский - Лаюров

Владимир Завьялов шәкірттері келесі матчтарын сырт айдында 10-11 желтоқсан күндері өткізеді. Қарсылас – «Ташкент Селект».

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

video-preview
Barys

«Барыс» | Фитнес жаттықтырушысы Евгений Шаников

new-preview
Barys
Nomad

Қазақстан құрамасы қысқы Азиаданың ширек финалында Гонконгпен ойнайды

new-preview
Barys

Ансар Шайхмедденов. ХАРБИН-2025 І Студиялық бағдарлама