«Барыс» Жастар командасы Рудныйда екі сыртқы матч өткізді. «Горнякпен» өткен кездесулер толығымен біздің команданың бақылауында болды, нәтижесінде астаналықтар екі ірі жеңіске қол жеткізді.
Алғашқы ойында астаналықтар старттық кезеңнің өзінде бес голдық шабуыл ұйымдастырды. Кейін есеп айырмасы тіпті ұлғайды. Леонид Шакенов покер жасап, Таир Бигаринов қарсыластар қақпасын екі мәрте дәл көздеді. Алдияр Қабдуәлі өз қоржынына 4 (1+3) ұпай жинады.
«Горняк» - «Барыс» 0:14 (0:5, 0:6, 0:3)
0:1 – 02:00 – Бигаринов (Тілеухан, Айболулы)
0:2 – 02:50 – Кұбатаев (Шакенов, Қабдуәлі)
0:3 – 05:05 – Бигаринов (Айболұлы, Елдес)
0:4 – 14:37 – Шакенов
0:5 – 18:17 – Шакенов
0:6 – 21:27 – Қайыргелді (Церульников)
0:7 – 21:55 – Гафуров (Церульников, Қайыргелді)
0:8 – 24:41 – Қабдуәлі (Кравченко)
0:9 – 29:55 – Тілеубаев (Қабдуәлі, Кравченко)
0:10 – 36:04 – Саттар (Тілеухан, Бигаринов)
0:11 – 38:24 – Шакенов
0:12 – 54:05 – Тілеухан (Айболұлы, Саттар)
0:13 – 56:55 – Ломако (Кравченко, Қабдуәлі) АГ
0:14 – 59:05 – Шакенов (Кұбатаев)
Қақпашылар: Қамбаров (Ибраев, 20:00-24:41) - Кучковский
Қайта өткен ойында да қонақтар қарсыластарға өз қақпасын ашуға мүмкіндік бермеді. Ал «Горняк» қақпасына 11 шайба соғылды. Таир Бигаринов хет-трик жасаса, Алдияр Қабдуәлі екі шайба енгізді. Қорғаушы Темірлан Айболұлы төрт голдық шабуылға үлес қосты (1+3).
«Горняк» - «Барыс» 0:11 (0:2, 0:5, 0:4)
0:1 – 11:57 – Айболұлы (Бигаринов)
0:2 – 14:36 – Қабдуәлі (Тілеубаев, Кравченко)
0:3 – 23:47 – Бигаринов (Мұқашев, Тілеухан)
0:4 – 24:21 – Құбатаев (Мұқашев, Мейрман)
0:5 – 32:44 – Кенжеғалі (Айболұлы)
0:6 – 34:12 – Қабдуәлі (Кравченко, Ломако)
0:7 – 37:26 – Бигаринов (Айболұлы) АГ
0:8 – 40:09 – Кравченко (Сидоренко)
0:9 – 46:50 – Церульников (Крутский, Қайіргелді)
0:10 – 51:10 – Бигаринов (Айболұлы) АГ
0:11 – 56:20 – Шакенов (Толстунов, Мұқашев)
Қақпашылар: Камбаров - Кравцов
28 матчта Андрей Шаянов жаттықтыратын команда 54 ұпай жинады. Бұл нәтиже оларға турнир кестесінде уақытша бірінші орынды иеленуге мүмкіндік береді. Келесі ойындар 12 және 13 желтоқсан күндері өтеді. Бұл күндері «Барыс» сырт алаңда «Ақтөбемен» кездеседі.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.