«Барыс» Көкшетауда өткен екінші кездесуде «Арланға» еш мүмкіндік бермеді. Никита Ломако мен Рахимбек Мейірман «синегорлықтардың» қақпасын екі реттен дәл көздеді. Қақпашы Леонид Кравцов кездесуде 33 сейв жасады.
Бұл жеңістен кейін Андрей Шаяновтың ойыншылары чемпионат көшбасшысы «Карметпен» арадағы ұпай айырмасын бірге дейін қысқартты. Команданың 24 ойыннан кейінгі қоржынында 46 ұпай. Келесі турда «Барыс» Теміртаулық «Карметпен» Астанада жолығады. Матчтар 2 және 3 желтоқсан күндері өтеді.
«Арлан» - «Барыс» 3:8 (1:1, 0:3, 2:4)
1:0 - 14:33 - Дәулетбек (Байков, Кентаев) АГ
1:1 - 19:48 - Айболұлы (Шакенов)
1:2 - 22:26 - Мейірман (Ғафуров)
1:3 - 23:43 - Шакенов (Елдес, Құбатаев)
1:4 - 31:01 - Ломако (Сидоренко)
1:5 - 40:22 - Ломако (Қабдуәлі, Тілеубаев)
1:6 - 44:12 - Қабдуәлі (Айтмағамбетов)
2:6 - 46:15 - Толуспаев (Залевский)
2:7 - 47:03 - Аманғалиев (Ғафуров)
3:7 - 49:16 - Тукин (Даулетбек, Мирошниченко)
3:8 - 54:35 - Мейірман (Крутский, Кенжеғали)
Қақпашылар: Лаюров (Аминов, 45:17-60:00) - Кравцов
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.