Барыс-2012 Қазақстан чемпионатын бастады  
20 Қыркүйек 2023

Барыс-2012 Қазақстан чемпионатын бастады  

БЖСМ

16-19 қыркүйек күндері Қарағандыда шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының 2012 жылы туған жасөспірімдер «Мықтылар» тобының  бірінші тур ойындары өтті.

Биыл чемпионат жүлдесі үшін сегіз команда таласады. Турнирде «Барыс-2012» атынан Владимир Завьялов пен Артем Иванов жаттықтыратын екі команда өнер көрсетеді.

Екі командамыз да чемпионаты сәтті бастап, жеті ойынның алтауында жеңіске жетті. Нәтижесінде, үш бірдей ұжымның ұпай саны тең болды. Алғашқы турдан кейін «Барыс-2012-1», «Барыс-2012-2» мен «Юность» қоржынында 18 ұпайдан бар. Командалардың өзара өткізген матчтарында соққан және өз қақпасына жіберген шайбалары айырмашылығына байланысты қарағандылық клуб чемпионата көш бастады. «Барыс-2012-1» мен «Барыс-2012-2» алғашқы тур қорытындысында екінші және үшінші орындарға жайғасты.

Владимир Завьялов, «Барыс-2012» аға бапкері

- Турнир тартысқа толы өтті. Соңғы ойынға дейін кімнің қай нешінші орын алатыны белгісіз болды. Командаларымыз турда тең дәрежеде ойнап, үздік үштіктен көрінді. Көшбасшылық үшін таласта бір ғана шайба шешуші рөл ойнады. Екінші турға дайындықты бастаймыз. Екі команданың да көш басына шығуы үшін барымызды саламыз.

 

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Эдвард Паскуале

new-preview
Barys
Nomad

Номад - Арлан 1:4

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Дмитрий Гурков