Қарағандыда «Ең мықтылар» (орыс. «Сильнейшие») тобында 2011 жылы туған жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының үшінші туры аяқталды.
Чемпионат марапаттары үшін күресті жеті команда жалғастыруда. Жаттықтырушылары Павел Филипенко мен Юрий Сидоренконың жетекшілігімен «Барыс-2011» барлық матчтарда жеңіске жетіп, 18 ұпай жинады. Гол соғылған және жіберіп алған шайбалардың айырмашылығы 56-4 құрайды.
«Барыстың» шабуылшысы Максим Самойлюк (12+5) өткен турнирдің екінші бомбардирі атанды.
Біздің команданың активіндегі үш турдың қорытындысы бойынша 54 ұпай жиналды. Бұл нәтиже чемпионаттың турнирлік кестесінде бірінші орынды сенімді иеленуге мүмкіндік берді.
Павел Филипенко, «Барыс-2011» аға жаттықтырушысы
- Кезекті тур біз үшін сәтті өтті. Балалар жақсы хоккей көрсетіп, тұрақты нәтижеге қол жеткізді. Біз чемпионатты еш іркіліссіз өтіп жатқанымызға, барлық болған матчтарда жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Төртінші турда да жақсы ойын көрсетуге тырысамыз. Біздің бір міндетіміз – чемпион болу.

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.