Барыс-2010 Қазақстан чемпионатының екінші турында жеңіске жетті
15 Қараша 2023

Барыс-2010 Қазақстан чемпионатының екінші турында жеңіске жетті

БЖСМ

IMG_5670.JPG

Қарағандыда «Мықтылар» тобында 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының екінші туры аяқталды.

Чемпионат марапаттары үшін күресті жеті ұжым жалғастыруда. «Барыс-2010» бапкерлері Владимир Логвин мен Никита Медведевтің жетекшілігімен барлық алты матчта жеңіске жетіп, үздік нәтиже көрсетті (71 лақтырылған шайба). Екі турдың қорытындысы бойынша біздің команда 36 ұпай жинады және кестеде сенімді түрде көрінді. Екінші орында қарағандылық «Юность» (30 балл) тұр. Үшінші орынды иеленген «Торпедо» активінде 23 ұпай бар.

«Барыстың» шабуылшысы Мирас Жұмабай (9+10) турнирдің екінші бомбардирі атанды.


Владимир Логвин, «Барыс-2010» аға жаттықтырушысы

- Команда өте жақсы өнер көрсетті, бізде қызықты ойындар болды. Жігіттер жаттықтырушының нұсқамасын орындады, дайындығымызды көрсетті. Негізінде маған бәрі ұнады, осы турнир үшін жігіттерге алғыс айтқым келеді. Жеңіліссіз екі тур? Бұл жаттығуларға жақсы берілгендік пен әр матчқа дұрыс көңіл бөлу арқылы мүмкін. Сондай-ақ біздің Ресей чемпионатында өнер көрсетуіміз әсер етеді деп ойлаймын, онда біз жақсы тәжірибе жинаймыз. Біз осы қарқынмен жұмыс істеуді жалғастырамыз.

IMG_5259.JPG


IMG_5719.JPG

123.jpg

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Таныс болыңыздар, Дэвид Немировски

new-preview
Barys
Nomad

Никитин мен Макеев Номадта бір жылға қалады

new-preview
Barys
Nomad

Калмыков пен Авдеенко мансабын Номадта жалғастырады