Аркадий Шестаков: «Жанкүйерлер бізді өте жақсы қолдап, алға сүйреп отырды»
22 Қыркүйек 2021

Аркадий Шестаков: «Жанкүйерлер бізді өте жақсы қолдап, алға сүйреп отырды»


«Барыс» шабуылшысы Аркадий Шестаков ЦСКА-мен өткен өз алаңындағы матчын қорытындылады.

- Ойын біз үшін жақсы өтті. Бірінші және екінші кезеңде қарсыласымызға жақсы соққылар жасадық. Менің ойымша, біз әрдайым жақсы қозғалыста болдық, пас бердік, көп соққы жасадық, бірақ жеткілікті гол соқпадық. Жақсы сәттер болды, оларды іске асыру керек еді. Сонда соңында ойнау оңай болар еді.

- Өткен аптада «Барыс» Мәскеуде ЦСКА-ны ұтты. Қарсыластарыңыз оны өтеу үшін қайта келеді деп ойладыңыздар ма?

- ЦСКА қайта ойнағысы келетіні анық еді. Ол матчта біз үшінші кезеңде жақсы ойнадық, жеңіс бізде қалды. Бүгін біз тағы да сол көзқараспен шықтық: көп қозғалыс, аймаққа сенімді кіру, барлық әрекеттер қақпаға бағытталды. Негізінде біз көп нәрсе жасадық.

- Сіздің ойыңызша, өте тығыз күнтізбені ескере отырып, команда барлық үш кезеңде де осындай қарқынмен ойнауға физикалық тұрғыдан дайын ба?

- Менің ойымша, біз қазірдің өзінде кемелге жетіп, шыңға жақындап қалдық. Бірақ біз қозғалысқа және басқа компоненттерге тағы қоса аламыз. Бапкерлер штабы үнемі талдап, бізге түрлі сәттерді көрсетіп отырады. Біз ойынды жақсартып, сол қарқынмен әрекет етеміз.

- Біз өз жанкүйерлеріміз туралы айтпай кете алмаймыз. Сізге матчтағы атмосфера ұнады ма?

- Атмосфера керемет болды. Бұл әсіресе қарсылас аймақта позициялық шабуылдарды созған кезде сезілді. Олар бізді өте жақсы қолдап, алға сүйреп отырды. Жанкүйерлерге алғыс айтқымыз келеді. Олар ешнәрсеге қарамастан біздің матчтарға келіп, қосымша энергия сыйлауда.

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2