Аристарх Киреев - Jastar Ligasy-дағы аптаның үздік ойыншысы
27 Қазан 2025

Аристарх Киреев - Jastar Ligasy-дағы аптаның үздік ойыншысы

Қазақстан хоккей федерациясы жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының алтыншы ойын аптасының қорытындысын жариялады.

«Барыс» турнир кестесінде көш бастап тұрған «Карметті» қуып жету жолындағы күресін жалғастыруда. Өткен аптада елордалық команда үш матчтың үшеуінде де жеңіске жетті. Команданың жетекші ойыншысы – Аристарх Киреев. Ол қатарынан алты ойын бойы ұпай жинап келеді. Соңғы үш кездесуде шабуылшы 12 (8+4) ұпай еншілеп, пайдалық көрсеткіші +13 болды. Бір ойында ол қарсыластар қақпасына төрт шайба соғып, покер авторы атанды.

DSC_9827.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Жас Қыран академиясының тәрбиеленушілері Барыстың жастар командасын қолдады

new-preview
Барыс

Барыс оңтүстік астанадан төрт ұпай алып қайтты

new-preview
9 фото
Барыс

Алматы - Барыс