Александр Истомин: «Күтпеген жағдайлар болмайды деп үміттенеміз»
26 Маусым 2020

Александр Истомин: «Күтпеген жағдайлар болмайды деп үміттенеміз»

Александр Истомин «Снежные Барсы» командасының бас бапкері лауазымына тағайындалғаннан кейін алғаш рет сұқбат берді.

- Александр Анатольевич, тағайындалуымен құттықтаймыз! Жұмысқа кірісіп үлгердіңіз бе?

- Рахмет. Жұмыс біткен де жоқ. Коронавируспен байланысты қиын жағдайдың өзінде өмір тоқтап қалған жоқ.  Айналысатын нәрсе көп, алда көп жұмыс бар, барлығымыз оны сағындық. Дайындалудамыз.

- Қазіргі уақытта құрамды келесі маусымға жасақтау туралы не айтуға болады?

- Тәжірибе көрсеткендей, «Снежные Барсы» соңғы жылдарда Қазақстан жастар құрамасы үшін негізгі команда болып табылады. Әрине, бұл үрдіс сақталады және бірінші орында спорттық қағидат, сондай-ақ салауатты бәсекелестік тұрады. Көптеген ойыншылар өткен жылғы құрамнан қалғандар. Құрамға 2002 жылы туған біздің БЖСМ түлектері мен 2003 жылы туған балалар тобы тартылатын болады.

- Сіз «Барыс»БЖСМ-нің ең жақын резервін жақсы білетін боларсыз? 2003 жылы туған балалардың кейбіреуі «Снежные Барсы»құрамын толтыруға дайын ба?

- Айтып өткенімдей, біз құрамға өткен маусымда «Жастар» ХК чемпионатында және «Сильнейшие»тобында Ресей біріншілігінде өздерін жақсы көрсеткен осы жастағы балаларды  шақырамыз. Олар командаға түсу үшін күреседі деп үміттенемін және бұл үшін өздерінің барлық дағдыларын, үздік қасиеттерін, сондай-ақ үлкен ықыласын қосады. Біздің міндетіміз - оларға көмектесу. Сондай-ақ, 2002 жылы туған балаларға да қатысты.Салауатты бәсекелестік тек «Барыс» шеберлері командасы мен болашақта Қазақстан құрамасына білікті хоккейшілерді тәрбиелеуде ғана мүмкін болады.

- Команданың алдағы жоспарлары туралы қысқаша айтып берсеңіз.

- Команда 2 шілдеде жиналуды жоспарлап отыр, ұйымдастыру жиналысын өткіземіз. 3 және 4 шілдеде тереңдетілген медициналық тексеруден өтеміз. Содан кейін маусымға жоспарлы түрде дайындаламыз. Тамыз айының ортасында біз Новосібірде өтетін турнирде өнер көрсетеміз, сондай-ақ бірқатар бақылау кездесулерін өткізуді жоспарлап отырмыз. Күтпеген жағдайлар болмайды деп үміттенеміз.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2