
"Снежные Барсы" бас бапкері Александр Истомин маусым алдындағы дайындықты қорытындылады.
- Александр Анатольевич, маусым алдындағы дайындықты қорытындылап өтсеңіз. Жоспарланғанның бәрін іске асырып үлгердіңіздер мен?
-Маусым алды қысқа болғаны түсінікті, бұл тек бізге ғана емес, қалғандарына да қатысты болды. Біз осы қысқа кезеңге жоспарлағанымызды барлығы жасауға тырыстық. Біріншіден, біз балаларды қалыпты физикалық жағдайға келтіруге тырыстық. Үлкен үзіліс олардың функционалды күйіне қатты әсер етті. Сондықтан негізгі міндет-оларды алда тұрған жүктемелерге дайындау.
- Бақылау матчтары туралы айтып беріңізші.
-Әзірге қандай да бір қорытынды жасау қиын. Балалардың көбі алғаш рет үлкен қарсыластарға қарсы ойнады. Әрине, көңілге қогған да сәттер болды, кемшіліктер де бар. Ол үшін біз жұмыс істейміз, балаларды ересектерге арналған хоккейге жеткіземіз. Біз болашаққа жақсы үміт артамыз.
- Команда одан да жасарып кетті.
- Иә, қазір команданы 2002 жылы туған балалар тобы толықтырды, 2003 жылғы ойыншылар да бар. Қатарымыз жаңарды, әр хоккейшіге өзін танытуға мүмкіндік береміз. Тек жігіттер өздерінің жаттығуға деген көзқарасын, ұмтылысы мен ойынымен дайын екендіктерін дәлелдеуі керек.
- Жас командаға тәжірибелі және физикалық жағынан мықты командаларға қарсы ойнау қаншалықты қиын болады?
- Әзірге біздің жігіттерде мұндай физикалық күш жоқ екені түсінікті. Қазір көпшілігі қалыптасу кезеңінен өтіп жатыр. Көп өтпей-ақ олар күш жинап, кез келген қарсыласқа төтеп бере алатын болады. Уақыттың межесіндегі нәрсе ғана.
- Алдағы маусымда команда алдында қандай міндеттер тұр?
- Басты міндет – балаларға ересектерге арналған хоккейге бейімделуге көмектесу. Оларға жасөспірімдер мен жастар хоккейінен ауысу кезеңінен жеңіл өтуге көмектесу. Олар өз қабілеттеріне сенімді болу үшін, тең дәрежеде ойнай алатындықтарын, аға командалармен күресіп, жеңіске жететіндерін түсіну үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Мен жігіттердің Қазақстан чемпионатындағы қарсыластарына лайықты тойтарыс бере алатынына сенімдімін. Оның үстіне, мен жігіттерге олардың дер шағы жеткенін, өздеріне көбірек жауапкершілік алып, өздерінің көшбасшылық қасиеттерін көрсететін уақыт келгенін айттым. Мұнда, әрине, көп нәрсе балалардың өсуіне және дамуына деген көзқарасы мен қалауына байланысты болады.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.