Көшпелі серияның соңғы матчында «Барыс» кездесу барысында есепте үш шайба алда тұрып, «Ақ Барсқа» жол берді.
Астаналықтардың жаттықтырушылар штабы құрамға екі өзгеріс енгізді. Қорғаушы Кирилл Никитиннің орнына шабуылшы Всеволод Логвин кірді. Бірінші минуттардан қақпаны қорғауға Андрей Шутов шықты. Қонақтар кездесуді қарқынды бастап, 41-ші секундта Понтус Оберг Артур Ахтямов қорғаған қақпаны дәл көздеді. Әрі қарай Джозеф ЛаБейт жеке шеберлік танытып, қазандықтардың қақпасын дәл көздеді. Ал Давид Скленичка «Барыстың» орындауында көпшілікті голға ұластырды.
Осы голдан кейін «Ак Барс» жаттықтырушылар штабы қақпашыны алмастырды – ойынға Тимур Билялов кірді. Бұл қадам айдын иелеріне пайда әкелді, үзіліске дейін Дмитрий Яшкин бір шайба соғып үлгерді. Екінші кезеңнің басында Дмитрий Юдин екінші рет Андрей Шутов қорғаған қақпаны дәл көздеді. Соңғы кезеі айдын иелерінің толық басымдығымен өтті. Яшкин мен Юдин дубль жасады, Дмитрий Кателевский ойындағы нүктені қойды.
7 қарашада Ғалым Мамбеталиевтің шәкірттері тағы да «Ақ Барспен» ойнайды.
«Ак Барс» – «Барыс» 5:3 (1:3, 1:0, 3:0)
0:1 – 00:41 – Оберг (Ножье)
0:2 – 06:38 – ЛаБейт
0:3 – 14:05 – Скленичка (Оберг) КГ
1:3 – 16:45 – Яшкин (Радулов, Лямкин)
2:3 – 25:12 – Юдин (Семёнов)
3:3 – 40:57 – Яшкин (Шипачёв, Лямкин)
4:3 – 42:35 – Юдин (Семёнов, Журавлёв)
5:3 – 54:28 – Кателевский (Лямкин)
Қақпашылар: Ахтямов (Билялов, 14:05-60:00) – Шутов
«Татнефть Арена». 8118 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.