Адам Хелевка «Барыс» хоккей клубына көшті
04 Шілде 2019

Адам Хелевка «Барыс» хоккей клубына көшті



 «Барыс» хоккей клубы канадалық шабуылшы адам Хелевкамен келісімшарт жасасқаны туралы ресми түрде хабарлайды. Ойыншы 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін бір жақты келісімге қол қойды.
 

23 жастағы шабуылшы 2015 жылы ҰХЛ драфтындағы «Сан-Хосе» клубының 4-ші раундында таңдалды. Алайда Адам ҰХЛ-да бірде-бір ойын өткізе алмады. 2016-2018 ж. Хелевка фарм-команда «Акула» – «Сан Хосе Барракудада» ойнады.
«Барыстың» жаңа ойыншысы маусымды  «Финикса» «Туксон Роадраннерс» фармында бастады, бірақ кампания барысында «Нэшвиллге» айырбасталды. «Милуоки Адмиралс» екінші командасында Хелевка тұрақты біріншіліктің және АХЛ плей-оффындағы 29 ойында 19 ұпай жинады.
АХЛ тұрақты чемпионаттары бойынша Хелевканың есебінде 189 ойыныннан барлығы 118 (44+74) ұпай бар. Плей-оффта Адам 21 ойын өткізіп, 6 (4+2) ұпай жинады. 

Анықтама
Адам Хелевка (Adam Helewka)
Орны: сол жақ шабуылшы
Туған күні және туған жері: 21.07.1995. Бёрнаби, Британдық Колумбия, Канада.
Ұстау ебі: сол жақ
Бірінші командасы: «Спокан Чифс», WHL.
Бойы және салмағы: 188 см, 93 кг.
 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2