«Барыс» – «Авангард» (3:5) матчынан кейін команданың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Боб Хартли, «Авангард» ХК бас жаттықтырушысы
- «Барыс» командасын тамаша маусыммен құттықтағым келеді. Бұл ойын сериясы екі команда үшін де оңай болмады, жарақат алғандар болды. Егер бүгінгі ойын туралы айтатын болсақ, екінші голды жіберіп алған сәтіміз бізге оңайға түспеді. Бірақ мен ойынға тез оралғандары үшін жігіттеріме алғысымды білдіргім келеді. Тең құрамда екі гол, тағы екі голды көпшілік құрамда соқтық. Осы сәт матчты біржолата өзгертті. Осыдан кейін ешкім жайбарақат ойнаған жоқ, бәрі соңына дейін беріспеді, сондықтан да жеңіске лайық болды. Омбыдан келіп қолдау көрсеткен «Авангардтың» және «Барыстың» жанкүйерлеріне үлкен рахмет айтқым келеді. Мұндағы стадион керемет, ойын ахуалы тамаша. Баршаңызға көп рахмет.
Андрей Скабелка, «Барыс» ХК бас жаттықтырушысы
- «Авангардқа» өткізген бұл сериясы үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл серияда жеңілгенімізге қатысты жалғыз өкінішіміз - ойындардың тең емес құрамдарда өтуі. Біз көпшілік құрамда ойнаған «Авангардтан» басым түсе алмадық. Сондай-ақ, осындай тартысқа оңтайлы құрамда келе алмағанымыз көңіл қынжылтады. Жалпы айтарым, жанкүйерлерге өткен маусым үшін алғысымды білдіргім келеді. Әсіресе, маусымның соңында жанкүйерлердің көбі қай қарсыластың келетініне қарамастан «Барысқа» барды. Ойын сериясы мен маусымның біз үшін аяқталғаны өкінішті. Бірақ маусымның басталуын ескеретін болсақ, бұл маусым біз үшін жақсы өтті. Команда жаңадан дерлік жасақталған болатын. Менің ойымша, маусым алдындағы дайындық бойынша команда маусымды сенімді әрі сәтті өткізеді деп топшылағандар аз болды. Осы маусым үшін командаға және жанкүйерлерге тағы да алғыс білдіргім келеді.
- Команда плей-оффқа шығатын ойын бойынша барлық жоспарларыңызды толығымен жүзеге асырды ма? Бүгінгі ойын сериядағы соңғы кездесу болмас үшін не жетіспеді?
- Плей-оффты жеңіліспен аяқтаған кезде, маусым аяқталғандықтан қамығасын. Бірінші кезекте, оңтайлы құрам жасақталмады деп айттым. Егер бүгін біздің қорғаныс шебімізді алсақ, 60 пайызын «Номад» командасының жігіттері құрады. Бірінші кезеңде қарсыласымызды тежеуге мұршамыз болды, бірақ екінші кезеңде қарсылас екпінін қосқанда құраманың әлсіз жақтары көрінді. Тағы да айтайын, біз бұл серияны тең емес құрамдарда өткізіп жеңілдік. 5-5 үлгідегі ойында біз еңсермес қиыншылыққа тап болған жоқпыз.
- Әлем чемпионатының алдында жігіттер қанша уақыт демалады және команда қашан жиналады деген ақпарат бар ма?
- Біз ойлаймыз. Бізде Қазақстан чемпионатында «Номад» командасы хоккей ойнауды жалғастыруда. Бізде екіжақты келісімшарттар бойынша ойнатын жігіттер бар. Болжаммен алғанда, 1 сәуірден бастап біз «Барыс» жүйесінен тыс жігіттерді жинай бастаймыз.
- Андрей Владимирович, өткен екі аптада ең қиыны болған не?
- Егер қысқа қорытынды шығарсақ, біздің Петерссон-Кормье-Старченко үштік ойыншымыз бізге біршама жеңіс әкелді, плей-оффта ол болған жоқ. Даллмэннің болмауы әсер етті. Иә, бұл хоккейшінің жасы болса келіп қалды, бірақ ойын амалдарының көпшілігі осы ойыншының қатысуымен өткен, оның екі жақсы бригадасы болған. Бізге плей-оффқа осы жетіспеді. Бұл сәттер бізді алаңдатты, біз шешім табуға тырыстық, бірақ жолы болмады. Төртінші ойын Балашихада болды, біз барлық матчты жақсы ойнадық, бірақ күлкілі гол жіберіп алдық. сериядағы есеп 2-2 не 1-3, бұл дегеніміз екі түрлі нәтиже. Тағы да айта кетейін, біздегі ойыншылардың 60 пайызы бұрын плей-оффта ойнамаған. Менің ойымша, біз бұл маусымнан кейін күштірек боламыз. Ал егер құрама жайында айтатын болсақ, жігіттердің өз өнерін ұштағандары көрініп тұр. «Барыс» құрамында ойын өнерін, ойлау мәнерін жетілдірмеген бірде-бір ойыншы жоқ. Плей-оффта ойнағанда және жай ғана бірінші раундты ойнағың келмесе, ой тұрғыдан дайын болуың керек. Бұл кезеңде бәрін қоя тұруың тиіссің екеніңді түсіну керек. Бүгін біз жеңіске жетіп, жетінші ойынды осында әкелуге тырысқан едік. Жігіттер есеп қорытындысына қарамастан бүгін соңына дейін беріспеді.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.