Хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 11 қазан күні басталады
07 Қазан 2024

Хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 11 қазан күні басталады

dsc_1787.jpg

Qyzdar Hokei Ligasy жаңартылған форматы мен Қазақстан чемпионатының алғашқы турының өтетін мерзімі белгілі болды.

2024-2025 жылдар маусымында әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатына жеті команда қатысып, олар екі топқа бөлінеді. «А» тобында «Айсұлу», «Томирис» және «Торпедо» командалары бақ сынап, төрт тур қорытындысында Qyzdar Hokei Ligasy жеңімпазы мен жүлдегерлерін анықтайды.

«Б» тобында ойнайтын командалар: «Жұлдыз», «Юность-Грация», «Бұлбұл» және ұлттық чемпионаттың дебютанты – «Айсұлу таңдаулы». Бұлар да төрт тур өткізеді. «Б» тобының жеңімпазы келесі маусымда бір саты жоғарылап, «А» тобы қатысушылары қатарына кіреді.

«А» тобы бірінші турының матчтары 11-15 қазан күндері Өскеменде өтеді.

 «Томирис» матчтары кестесі

11 қазан. 14:00. «Айсұлу» - «Томирис»

12 қазан. 16:00. «Торпедо» - «Томирис»

14 қазан. 14:00. «Айсұлу» - «Томирис»

15 қазан. 14:00. «Торпедо» - «Томирис»

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

World Stars құрамасы Кравец пен Шилмен бірге төртінші орын алды

new-preview
Barys

Кравец пен Шилдің World Stars командасы үшінші орын үшін матчта ойнайды

new-preview
Barys

Барыс Қиыр Шығыстағы сырт алаңдағы сапарын Адмиралды жеңумен аяқтады