«Барыс» БЖСМ маусымды қорытындылады
03 Маусым 2023

«Барыс» БЖСМ маусымды қорытындылады

БЖСМ

3 маусым күні Есіл өзені жағасындағы амфитеатрда «Барыс» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 2022/23 жылдар маусымының салтанатты жабылу рәсімін өткізді. Іс-шара клуб серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» қолдауымен өткізілді.

Шараға Қазақстан хоккей федерациясы балалар-жасөспірімдер жәре бұқаралық хоккейді дамыту жөніндегі директоры Рустам Ибраев, ҚХФ балалар-жасөспірімдер жарыстарын өткізу жөніндегі бас маманы Пётр Белый мен «Барыс» БЖСМ директоры Руслан Нұрмұхамедов қатысты.

Маусымның жабылу салтанатын танымал хоккей сарапшылар Жігер Әзбергенов пен Александр Олейник жүргізді. Сонымен қатар, жас хоккейшілерді құттықтауға Дельфийлік ойындар Мәскеудегі Гран-при жеңімпазы, скрипкашы Әсел Мекембаева және оның шәкірттері, «Idoldancekz» және танымал қазақстандық рэпер Moreart келді.

Марапаттау рәсімі кезінде мектеп командалары өткен маусымды қорытындылап, жүлделерін алды. Сонымен қатар, командалардың үздік ойыншылары марапатталды. Еске салайық, өткен маусым қорытындысында «Барыс» БЖСМ командалары барлық жас ерекшеліктері бойынша ҚР Чемпионатының жеңімпазы атанды. Ауқымды іс-шара дәстүрлі ортақ суретке түсумен аяқталды.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте өз аренасында Тракторға қарсы кездесуімен бастайды

new-preview
Barys

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі: ҚХФ мен ҰННПЦФК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

new-preview
27 фото
Barys

Барыс 3х3 | 23 тур | 4 күн