Юрий Михайлис Барыста жұмысын жалғастырады
13 Шілде 2021

Юрий Михайлис Барыста жұмысын жалғастырады

"Барыс" хоккей клубы бас жаттықтырушы Юрий Михайлиспен келісімшарттың ұзартылғаны туралы ресми түрде хабарлайды. Келісімнің мерзімі бір жылды құрайды (2022 жылғы 30 сәуірге дейін).

Естеріңізге сала кетейік, өткен жазда Михайлис "Барысты" басқарды, кейіннен команда кезекті рет ҚХЛ плей-оффқа шықты. Мамыр айында маман элиталық дивизионда өткен әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде дебют жасады. Латвиядағы турнирде біздің команда өзі үшін рекордтық нәтижеге қол жеткізді - төрт жеңіске жетіп, топта бесінші орынға ие болды.   

"Барыс" жаттықтырушылар штабында өзгерістер болған жоқ. Юрий Владимировичке Александр Ахцигер, Андрей Шаянов, Максим Семенов және Александр Шимин көмектесуді жалғастырады.

"Барыс" ХК Бас серіктесі - "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Снежные Барсы командасының 2026/27 маусымындағы алғашқы өз алаңындағы ойыны

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Снежные Барсы командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Snezhnye Barsy

«Снежные Барс» төрт хоккейшімен сынақ келісімшартын жасасты