Юлиус Гудачек Барыста бір жылға
13 Қыркүйек 2022

Юлиус Гудачек Барыста бір жылға

«Барыс» хоккей клубы Юлиус Гудачекпен келісімшарт жасалғаны туралы ресми түрде мәлімдейді. Қақпашымен біржақты келісім бір маусымға жасалған (2023 жылдың 30 сәуіріне дейін).

Қақпашы Континенталды хоккей лигасымен жақсы таныс, онда ол төрт жарым жыл бойы «Северсталь» мен «Спартак» командаларында өнер көрсетті. Өткен маусымды Юлиус ригалық «Динамо» сапында бастады (14 матч, СК – 2,96), содан кейін «Спартаға» ауысып, командасына Чехия чемпионатының финалына жетуге көмектесті. Плей-оффта Гудачек 12 кездесу өткізіп, бір матчта орташа есеппен 2,21 шайбаны жіберіп алды, ал соққылардың 91%-ын қайтарды.

Сондай-ақ, соңғы жылдары қақпашы Словакия ұлттық құрамасының құрамына кірді. 2012 жылы Гудачек өз командасымен бірге әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды.

 

Юлиус Гудачек

Туған күні: 09.08.1988.

Бойы: 186 см.

Салмағы: 85 кг.

Қармағыш: оң қол.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Таныс болыңыздар, Дэвид Немировски

new-preview
Barys
Nomad

Никитин мен Макеев Номадта бір жылға қалады

new-preview
Barys
Nomad

Калмыков пен Авдеенко мансабын Номадта жалғастырады