ЖХЛ түлектері - Артур Гатиятов
20 Тамыз 2020

ЖХЛ түлектері - Артур Гатиятов

«Барыстың» баспасөз қызметі жастар хоккейінде өз жолын ресми түрде аяқтаған клуб жүйесіндегі хоккейшілер туралы жарияланымдар циклін аяқтайды. Өткен маусымда шабуылшы Артур Гатиятов Жастар хоккей лигасының түлегі болды.

Спортшы ЖХЛ-да алғашқы қадамды 2017 жылдың 4 қыркүйегінде жасады. Алғашқы ойында Артур жеңіске жетті, ал «Снежные Барсы «сырт алаңда «Стальные Лисы» командасын жеңді. Сол маусымда шабуылшы 56 матч өткізіп, 45 (15+30) ұпай жинап, командадағы екінші соққышы болды.

2018-2019 маусымы ойыншы үшін ең нәтижелі маусым болды. ЖХЛ-да Гатиятов 56 матчта 67 ұпай (24+43) жинады – бұл командадағы ең жақсы нәтиже. Ол, сондай-ақ, Канадада өткен жастар әлем чемпионатында да өзін көрсете білді. Қазақстан құрамасы элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды, ал Артур турнирдің ең нәтижелі ойыншыларының үштігіне кіріп, 8 (5+3) ұпай жинады.

Өткен маусымның көп бөлігін шабуылшы «Номадта» өткізді. «Снежные Барсы» құрамында ол 9 матчта мұзға шығып,  12 (5+7) балды өз меншігіне алды. «Реактормен» өткен алғашқы қараша кездесуінде Гатиятов 6 (3+3) ұпай жинағанын айта өту керек Сондай-ақ, өткен маусымның соңында спортшы ҚХЛ-да «Барыс» сапында дебют жасағанын атап өткен жөн.

Жалпы, Артур ЖХЛ-дың 127 матчына қатысып, 125 (45+80) ұпай жинады.

Шілде айының басында шабуылшы «Барыстың» ұсынысын қабылдап, 2 маусымға екі жақты келісімшарт жасасты.

Артур Гатиятовдың ЖХЛ-дағы ойыны туралы:

- ЖХЛ - жақсы, қызықты лига. Мықты командалар өте көп. Олармен қарсылас ретінде ойнау әрқашанда жақсы. Бұл, әсіресе, жасөспірімдер лигасынан жастар лигасына ауысқан кезде сезіледі. Жылдамдықты жоғарылату үшін шешімді тез қабылдау керек болады. Уақыт өте келе оған да үйреніп кетуге болады. Осы үш маусымда жұмыс істеген жаттықтырушыларға алғысымды білдіргім келеді. Мен  көп ойынға қатыстым, олар маған сенді.  ЖХЛ-де кәсіби тұрғыда өсуге жақсы мүмкіндік бар.

МХЛ ресми сайтынан статистикалық деректер пайдаланылды

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2