Металлург – Барыс: екінші матчтың цифрлары мен фактілері
05 Наурыз 2021

Металлург – Барыс: екінші матчтың цифрлары мен фактілері

«Металлург» пен «Барыс» арасындағы Шығыс конференциясының ¼ финал сериясының екінші жекпе-жегінің статистикалық қорытындысын шығарамыз.

Екінші ойында дәл пастармен көзге түскен Кирилл Панюков пен Даррен Диц қазіргі плей-офф ойынындағы үздік бомбардирлердің бестігіне кірді. «Барыс» өкілдерінің есебінде 4 ұпайдан (2+2 ұпай).

Даррен Диц ҚХЛ плей-офф тарихында овертаймдағы екінші ең жылдам голдың авторы атанды. Ол жеңісті голды бірінші овертаймның 29-шы секундында соқты. Рекорд Ренат Мамашевке («Нефтехимик») тиесілі, ол 2014-2015 маусымда өз командасына 22-ші секундта жеңіс әкелді. Бұл тізімдегі үшінші орында Линус Виделль (60:31) және оның өткен маусымдағы «Металлург» қақпасына соққан шайбасы.

Ойыншыларымыздың арасында мұзда ең көп уақытты (25 минут және 5 секунд) өткізген тағы да «Барыс» капитаны болды. «Металлургте» осы көрсеткіш бойынша көшбасшы - қорғаушы Григорий Дронов (25:29).

Жекпе-жектің кейіпкерлерінің бірі Йони Ортио болды, ол өзінің қоржының 21 қайтарылған шайбамен толықтырды. Айта кететін жайт, қақпашы үшін бұл ҚХЛ плей-офф матчтарында бірінші жеңіс болды.

Өткен матчта «Барыс» бір ойыншыға басым үш ойынның біреуін ғана пайдаланды (33,3% іске асырды). Қарсыластың бір ойыншыға басымдығын бейтараптандыру 66,7%-ды құрады - «Металлург» те үш мүмкіндіктің бірін ғана іске асырды.

Біздің команданың ойыншылары қарсыластың 28 соққысын тойтарды. Бұл компонент бойынша көшбасшы  қатарға оралған Джесси Блэкер болды. Қорғаушының есебінде 5 тойтарылған соққы.

«Барыс» ХК Бас әріптесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2