ЖХЛ. Санкт-Петербургтің "Динамосы"  – "Номад" матчының алдында
20 Қыркүйек 2019

ЖХЛ. Санкт-Петербургтің "Динамосы" – "Номад" матчының алдында

"Номад" Санкт-Петербургте матч маусымының бірінші көшпелі сериясын аяқтауда. 21 қыркүйек күні Юрий Михайлистың қарамағындағылар жергілікті "Динамо" ойыншыларымен бірге ойнайды.

Питерлік "динамошылар" чемпионат басында бес матчтың біреуінда ғана, оның өзінде буллиттер бойынша ұтылып қалды. Өткен турда Эдуард Занковецтың командасы өз жерінде 2:1 есебімен қарағандылық "Сарыарқаның" қарсылығына төтеп берді. Максим Джиошвили мен Артём Нечаев соққан шайбаларымен көзге түсті.

Қазіргі кезде "Динамо" тоғыз ұпаймен 1-конференцияның төртінші орнын алып отыр. Команданың үздік бомбардир – шабуылшысы Никита Дыняктің есебінде 4 (1+3) балл.

"Номад" шыққанда әзірге бір балл ғана алды. Бейсенбі күні "көшпенділер" "СКА-Нева" жеңіс қадамын бұза алмады – Нұр-Сұлтаннан келген команда 2:5  есебімен жеңіліс тапты. Әлихан Әсетов сыңарымен көзге түсті. Өз есебін "Номадтың" ең нәтижелі ойыншысы Артур Гатиятов та толтырды. Жас форвардтың активінде 5 (1+4) балл.

Алты матчтың қорытындысы бойынша Юрий Михайлистің ұжымы бес балл жинады және қазір 2-конференцияда тоғызыншы орынға ие болып отыр.

"Барыс" ХК бас серіктесі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы