UTLC Ice Cup. Барыс жартылай финалда бақ сынайды
15 Сәуір 2025

UTLC Ice Cup. Барыс жартылай финалда бақ сынайды

БЖСМ


Астанада хоккейден UTLC Ice Cup бесінші халықаралық турнирінің іріктеу кезеңі аяқталды.

«А» тобында жарысқа алғаш рет қатысып отырған «Авангард» жеңімпаз атанды. Омбылық ұжым жалпы 23 шайба соғып, екі сенімді жеңіске қол жеткізді және топтан бірінші орынмен жартылай финалға шықты. Сонымен қатар, турнирдің ½ кезеңінде «Армия СКА» командасы бақ сынайды. Ал «GLC» ертең бесінші орын үшін таласады.

«А» тобында турнирдің қазіргі жеңімпазы «Локомотив» бірінші орын алды. Ярославілік ұжым іріктеу кезеңінде қорғаныста үздік ойын өрнегін көрсетті (команда қақпасына тек екі шайба соғылған). Астаналық «Барыс» та жеңімпаз атану мүмкіндігіне ие. Минскілік «Динамо» турнирдің бесінші орны үшін таласта «GLC» қарсыласы болады.

UTLC Ice Cup 2025 16 сәуірге арналған матчтар кестесі

(басталуы Астана уақытымен)

12:30 «Динамо» - «GLC» (бесінші орын үшін матч)

15:00 «Локомотив» – «Армия СКА» (жартылай финал)

17:30 «Авангард» – «Барыс» (жартылай финал)

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс G-Drive Аренада Авангардты алғаш рет жеңді

new-preview
15 фото
Barys

Авангард - Барыс

new-preview
Barys

Barys Store дүкендерінің мереке күндеріндегі жұмыс уақыты