«Барыс» кезекті көшпелі сериясын «Тракторға» жол беруден бастады.
Роман Старченко жарақат алғаннан кейін құрамға оралды, сонымен қатар жаңадан келген ойыншылар Энтони Камара мен Евгений Рымарев команда құрамына қосылды. Сондай-ақ Всеволод Логвин мен Дінмұхамед Қайыржан мұз айдынына шықты.
Қонақтар бастапқы ауысымдарды жақсы өткізді, бірақ кейін «Трактор» ойын тізгінін шындап қолға алып қарсылас қақпасының алдында өте қауіпті сәттер тудырды. Дегенмен үзіліске командалар есеп ашпастан кетті.
Ойынның негізгі сәті екінші кезеңнің соңында орын алды. Энтони Камара бес минутқа ойыннан қуылды, ал челябіліктер үзіліске дейін Эдвард Паскуале қорғаған қақпаны дәл көздеді, гол авторы - Владимир Ткачев. Айдын иелері соңғы кезеңді көпшілікте бастап, есептегі артықшылығын 19 секунд секундтан кейін еселеді, Сергей Телегин гол соқты. Ал «Барыс» құрамында Зак Фукале қорғаған қақпаны дәл көздей алған ойыншы болмады.
18 қараша күні Ғалым Мамбеталиевтің шәкірттері Магнитогорск қаласында «Металлург» командасымен ойнайды.
«Трактор» – «Барыс» 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)
1:0 – 37:02 – Ткачёв (Телегин, Шабанов) КГ
2:0 – 40:19 – Телегин (Ткачёв) КГ
Қақпашылар: Фукале – Паскуале
«Трактор» МА. 2320 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.