Томирис чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
11 Қазан 2024

Томирис чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

photo_2024-10-11_15-29-34.jpg

Өскеменде әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының А тобында бірінші тур ойындары басталды.

Екі бітіспес қарсылас «Айсұлу» мен «Томиристің» өзара өктізген алғашқы кездесуінде астаналық команда жеңіске жетті. Александр Тебеньков шәкірттері ойынның 33-минутына қарай Екатерина Куценко, Азалия Авзалова мен Дарья Кожинаның дәл соққыларының арқасында есепте айқын басымдыққа ие болды. Алайда әрі қарай алматылық хоккейші қыздар есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқартты, десе де ойынды овертаймға ұластыра алмады. «Томирис» қақпашысы Арина Щёколова 33 соққыға тосқауыл болды.

«Айсұлу» - «Томирис» 2:3 (0:2, 0:1, 2:0)

0:1 - 09:33 - Куценко СБШ

0:2 - 19:44 - Авзалова

1:2 - 27:17 - Турсынова ШБ

1:3 - 32:03 - Кожина

1:3 - 51:04 - Троттэр (Широкова, Хиндс)  СБШ

2:3 - 55:21 - Ашимова (Пяткова, Риу)

Қақпашылар: Сафонова - Щёколова

photo_2024-10-11_15-29-35.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте өз аренасында Тракторға қарсы кездесуімен бастайды

new-preview
Barys

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі: ҚХФ мен ҰННПЦФК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

new-preview
27 фото
Barys

Барыс 3х3 | 23 тур | 4 күн