Тимур Миндубаев: «Осындай мүмкіндік туғанына өте қуаныштымын»
01 Наурыз 2026

Тимур Миндубаев: «Осындай мүмкіндік туғанына өте қуаныштымын»

ҚХЛ-дегі алғашқы ауысымдарын өткізген «Барыс» шабуылшысы Тимур Миндубаев көптен күткен оқиғадан кейінгі әсерімен бөлісті.

- Әсер, әрине, өте керемет. Арманым орындалды деуге болады. Осындай мүмкіндік туғанына, өзімді мүлде жаңа деңгейде сынап көруге өте қуаныштымын. Бірақ енді алға қарай өзіммен көп жұмыс істеп, бапкерлерге өз мүмкіндігімді дәлелдеуім керек.

- Ақпан айы сен үшін де, жалпы «Снежные Барсы» командасы үшін де сәтті өтті. Осы кезеңде не өзгерді, соның нәтижесінде сені негізгі командаға шақырды?

- Әрине, команда ұйымшыл ойнай бастады, бір-бірі үшін күресті. Жеке өзіме келсек, сенімділігім артты. Өз күшіме сеніп, МХЛ-де бірнеше шайба соқтым. Содан кейін «Барысқа» көтерді, бар болғаны екі жаттығу өткізіп, бірден ойынға шықтым. Әрине, барлық қырынан әлі де қосуым керек. Тіпті қосалқы орындықта отырып-ақ, мұнда бәрі шешімді қаншалықты тез қабылдайтынын, жекпе-жекке батыл кірісетінін, шабуылға да, қорғанысқа да жылдам оралатынын байқадым.

- Сен небәрі үш ауысым ойнадың, біреуінде шайба соғуға жақын болдың. Сол шабуыл жайлы айтып берші.

- Всеволод Логвин мағанпас берді, мен шайбаны аймаққа кіргіздім. Сол жерде Әлихан Әсетов тамаша ойнап, шайбаны қақпа алдына қайта жеткізді. Өкінішке қарай, сол сәтті пайдалана алмадым, бәлкім, бұл эпизодта тәжірибе жетіспеген шығар. Қайталап айтамын, өзіммен жұмыс істеп, командаға пайда әкелуім керек.

MINDUB.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Жайлауов – Қазақстан құрамасының бас бапкері, Пушкарёв пен Кудрявцев жаттықтырушылар штабына енді.

new-preview
12 фото
Nomad

PRO LIGASY финалының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

new-preview
Barys
Nomad

Номад – Қазақстанның үш дүркін чемпионы