Барыс қызметкерлері ҚР Туризм және спорт министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды
20 Тамыз 2026

Барыс қызметкерлері ҚР Туризм және спорт министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды

«Барыс Арена» баспасөз орталығында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жараспаевпен кездесу өтті. Спорт күніне арналған іс-шара барысында «Барыстың» түрлі департаменттерінің қызметкерлеріне ҚР Туризм және спорт министрлігінің ведомстволық наградалары табысталды.

«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Серік Ахмедулин, Сәкен Әубәкіров, Талғат Китаров, Бағдат Құрақбаева, Ляйля Құсайынова, Владимир Морозов, Александр Морозовский, Алексей Мамонтов, Александр Тебеньков, Арман Рамазанов, Амангелді Амиров және Гүлсара Бейсембаева марапатталды.

«Спорт саласының үздігі» төсбелгісі Зара Ергажина, Жасұлан Оразбаев, Айнұр Абдинова, Александр Редин, Саид Гуцариев, Рүстем Бикбусунов, Болат Ағланбеков және Денис Симинченкоға табысталды.

Айта кетейік, аталған төсбелгілер сала мамандарына, жаттықтырушыларға және спорт саласының дамуына, салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ бұқаралық және жоғары деңгейдегі спортты дамытуға елеулі үлес қосқан мамандарға табысталады.

DSC_4125.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Айтмағамбетовтің дубльі Барысқа Жастар кубогын жеңіспен бастауға жол ашты

new-preview
Barys
Барыс

Барыс жастар командасының 2026/2027 маусымына арналған бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Барыс

Барыстың жастар арасындағы Қазақстан Кубогындағы матчтар күнтізбесі