Бүгін астаналық ұжым Пермь қаласында МХК «Молот» командасына қарсы жауапты матч өткізді. Алғашқы кездесудегі жеңістен кейін астаналықтар тағы да басым түсіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның алғашқы бөлігінде алаң иелері Даниил Стефановтың шайбасының арқасында есеп ашты. Өткізіп алған голдан кейін бастама қонақтардың қолына өтті. Тимур Миндубаев есепті теңестірсе, кейін Руслан Түсіпбеков «барыстарды» алға шығарды. Кездесудің соңында Расул Тұрсынов қарсылас қақпасы бос қалған сәтте шайба соғып, матчтың нүктесін қойды.
Бұл жеңіс астаналықтар үшін осы маусымдағы алғашқы жағдай болды, команда қатарынан екі матчта екі ұпайдан жинай алды.
Енді Антон Васиннің ойыншыларын Алтын дивизион өкілдеріне қарсы үй сериясы күтіп тұр.
МХК «Молот» – «Снежные Барсы» 1:3 (1:0, 0:0, 0:3)
1:0 – 17:42 Стефанов (Филиппов, Давыдов)
1:1 – 40:59 Миндубаев (Русланұлы)
1:2 – 47:07 Түсіпбеков (Нұржанов, Симахин)
1:3 – 58:47 Тұрсынов БҚ
Қақпашылар: Ермашов – Лыткин.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.