«Снежные Барсы» екі жақты кездесу өткізді
17 Шілде 2019

«Снежные Барсы» екі жақты кездесу өткізді

Жаңа маусымның бірінші жолдастық кездесуінің алдында «Снежные Барсы» командасының бапкерлер штабы һз шәкірттерін екі жақты кездесуде байқап көрді.

Матч стандартты форматта 20 минуттан үш кезеңде өтті. Дәстүр бойынша «Барстар» құрамы екі командаға бөлінді: «көктер» және «ақтар».

Матч қорытындысы бойынша 5:0 есебімен «көктер» командасы жеңіске жетті. Салынған шайбалармен Станислав Александров, Рүстем Жұмағұлов, Аңсар Шайхмедденов, Станислав Филиппенко және Адам Евлоев көзге түсті.

Жаттығу соңында командалар «3-ке 3» форматында овертайм ойнап, буллиттер сериясында жарысты. Овертаймда Шыңғысхан Әбілдің нақты соққысының арқасында «ақтар» жеңіске   қол жеткізді. Матчтан кейінгі айып соққылары сериясында ақ формадағы ойыншылар дәлірек болды.

Енді біздің команда Қарағандыда «Теміртауға» қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Кездесу сенбі күні 20 шілдеде өтеді. Басталуы 13: 00.

«Көктер» құрамы:

Филиппенко Станислав – Диас Гусейнов – Бойко Олег, Королев Артем – Бутенко Олег

Өмірбеков Алихан-Шайхмедденов Аңсар-Александров Станислав, Муратов Давид – Джумагулов Рустем

Сайко Владислав – Ищенко Игорь-Евлоев Адам, Диханбек Мади-Залевский Игорь

Қақпашы: Калмыков Роман

«Ақтар» құрамы:

Әбіл Шыңғысхан – Шульга Николай – Асуханов Юсуп, Никифоров Владислав – Комаров Владислав

Касенов Али-Рифель Степан-Войтов Иван, Фокин Евгений – Дурницын Иван

Морожников Константин-Колодюк Дмитрий – Беляев Леонид, Царев Климентий-Никитин Кирилл

Қақпашылар: Амирбеков Джелал-ад-Дин, Пестов Владислав

Бас серіктес "Барыс" ХК – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис өкілдері Қазақстан әйелдер құрамасына Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алуға көмектесті

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Қазақстан әйелдер чемпионатындағы алғашқы ойынын 24 қазанда өткізеді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы