Снежные Барсы өз айдынында алғашқы жеңісіне қол жеткізді
29 Қыркүйек 2026

Снежные Барсы өз айдынында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қыркүйектегі өз аланыңдағы ойын сериясы аясында «Снежные Барсы» Альметьевскінің «Спутник» командасымен соңғы кездесуін өткізді. Елордалық клуб ойыншылары Ильгиз Нуриевтің жетекшілігімен буллиттер сериясында 2:1 есебімен жеңіске жетіп, өз алаңындағы алғашқы камбэк жеңісін тіркеді.

Алғашқы кезеңде есеп ашылған жоқ. Алаң иелері екі рет айып алаңына жіберілгенімен, кем құрамда қарсыластың шабуылдарына төтеп беріп, өз қақпасын голдан сақтай алды. Бірінші жиырма минуттың қорытындысы бойынша қонақтар соққылар саны жағынан екі есе басым болды.

Екінші кезеңде есепті «Спутник» ашты. Тимофей Колчин Иван Бокаревтің пасынан кейін шайбаны қақпаның тоғыздығына дәл бағыттап, Богдан Емельяновты қапы қалдырды. Алайда Альметьевск командасының басымдығы ұзаққа созылмады. Владислав Ануфриев дер кезінде қажетті жерде болып, Артем Гасниковтың қуатты соққысынан кейін шайбаны Данил Тычкиннің қақпасына бағыттап, есепті теңестірді. Бұл Ануфриевтің Жастар хоккей лигасындағы алғашқы шайбасы болды.

Үшінші кезеңде командалар жеңімпазды анықтай алмады. Сондықтан қосымша бес минуттық овертайм тағайындалды. Овертайм аяқталуына 1 минут 16 секунд қалғанда алаң иелерінің бірден үш ойыншысы айып алаңына аттанып, «барыстардың» онсыз да күрделі жағдайын қиындата түсті. Дегенмен астаналықтар кем құрамда ойынды абыроймен өткізіп, матч тағдырын буллиттер сериясына жеткізді.

Буллиттер сериясын алаң иелері бастады. Алғаш болып «Спутниктің» қақпашысын капитан Аристарх Киреев алдауға тырысты, алайда Тычкин оның соққысын қайтарды. Кейін Владимир Сафонов Богдан Емельяновтың қақпасына шайба енгізуге әрекет жасағанымен, бұл жолы да сәттілік алаң иелері жағында болмады.

Илья Громов қонақтар қақпашысын қапы қалдырып, гол соқты. Өткен ойында дубль жасаған Вилен Тазиев те Емельяновтың қақпасын дәл көздеді. Келесі болып мұз айдынына шыққан Тимур Миндубаев Тычкинді шебер алдап, шайбаны қақпаға енгізді. «Спутник» сапынан соңғы болып Руслан Каримов жауап беруге тырысқанымен, оның әрекеті нәтиже бермеді. Осылайша жеңіс шайбасының авторы Тимур Миндубаев атанды

Қазір «Снежные Барсы» турнир кестесіндегі соңғы орыннан 6-орынға көтерілді. Команда 9 матчтан кейін 6 ұпай жинады.


«Снежные Барсы» - «Спутник» 2:1 Б (0:0, 1:1, 0:0, 0:0, 1:0)

0:1 - 27:30, Колчин (Бокарев)

1:1 - 31:17, Ануфриев (Гасников, Умереньков)

2:1 - 65:00, Миндубаев, Б

Қақпашылар: Емельянов - Тычкин


Матч статистикасы:

Соққылар: 34-62

Қақпаға бағытталған соққылар: 23-30

Лақтырулар: 31-25

Блокталған соққылар: 19-5

Күш қолдану: 10-9

Айып уақыты: 17-2

«Барыс Арена», 71 көрермен.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис өкілдері Қазақстан әйелдер құрамасына Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алуға көмектесті

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Қазақстан әйелдер чемпионатындағы алғашқы ойынын 24 қазанда өткізеді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы