Снежные барсы Реакторды алты жылдан кейін жеңді
09 Қазан 2026

Снежные барсы Реакторды алты жылдан кейін жеңді

Ильгиз Нуриев жаттықтыратын команда қазан айындағы сырт алаңдағы ойындарын Нижнекамск қаласында жалғастырып, «Реакторға» қарсы алғашқы кездесуін өткізді. Астаналықтар алаң иелерін 7:2 есебімен ойсырата жеңіп, екі команда арасындағы кездесулерде алты жылға созылған жеңіліс сериясын үзді.

Алғашқы екі кезең тартысты өтті. Екі команда да кезек-кезек алға шығып, артынша қарсыласының есебін теңестіруге мүмкіндік берді. Астаналықтар сапынан Михаил Коленко мен Аристарх Киреев шайба соқса, «Реактор» құрамында Давид Романов пен Тимур Кол көзге түсті.

Шешуші сәт соңғы кезеңде болды. Никита Дубинкин басымдықты пайдаланып, МХЛ-дегі алғашқы шайбасын соқты. Осы голдан кейін «барыстар» қарқын алып, қауіпті шабуылдарын нәтижелі аяқтай бастады. Тимур Миндубаев пен Илья Громов алаң иелерінің қателіктерін ұтымды пайдаланып, сан басымдығын тағы екі рет голға айналдырды. Осылайша, соңғы кезеңде сан басымдығын үш рет сәтті пайдаланған астаналықтар үш шайба соқты.

Одан кейін Михаил Коленко дубль жасады. Ал ойынның аяқталуына 23 секунд қалғанда Тимур Миндубаев соңғы шайбаны соғып, өзі де дубль авторы атанды.

Осы жеңістің арқасында «Снежные барсы» қатарынан үш рет жеңілген ойындар сериясын тоқтатты. Қазір команда 14 матчтан кейін 10 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орында тұр.

«Реактор» - «Снежные барсы» 2:7 (2:1, 0:1, 0:5)

1:0 - 08:16 Романов (Панов) АГ

1:1 - 12:07 Коленко

2:1 - 14:33 Кол (Гизятов)

2:2 - 31:41 Киреев (Ждановский, Коленко)

2:3 - 42:38 Дубинкин (Чукреев, Калиев) АГ

2:4 - 48:05 Миндубаев (Киреев, Серебряков) АГ

2:5 - 49:06 Громов (Калиев, Чукреев) АГ

2:6 - 56:11 Коленко

2:7 - 59:27 Миндубаев (Гасников)

Қақпашылар: Шаяхметов (49:06-60:00 Валиев) - Емельянов

IMG_6715.JPG

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Жас Қыран академиясының тәрбиеленушілері Барыстың жастар командасын қолдады

new-preview
Барыс

Барыс оңтүстік астанадан төрт ұпай алып қайтты

new-preview
9 фото
Барыс

Алматы - Барыс