Самат Данияр: «Әлем чемпионатының басталуына қарай дайындығымыз жақсы болады»
07 Мамыр 2022

Самат Данияр: «Әлем чемпионатының басталуына қарай дайындығымыз жақсы болады»


«Барыстың» қорғаушысы Самат Данияр ҚХЛ-да өткен маусымды қорытындылап, ұлттық құраманың әлем чемпионатына дайындығы туралы айтып берді.

- Самат, бірінші кезекте, «Барыспен» жаңа келісімшартқа қол қоюмен құттықтаймыз. Бұл шешім қиынға түсті ме?

- Қиын ештеңе жоқ. Үйде тағы екі маусым өнер көрсететініме қуаныштымын! Клубқа барынша пайда әкелуге тырысамын.

- Өткен маусым сен үшін ҚХЛ-дағы алғашқы толыққанды маусым болды. Өзінді қалай сезінудесің?

- Иә, мен үшін бұл ҚХЛ-дағы алғашқы толық маусым болды. Жыл ауыр болса да, судай сіңіп тастай баттым деп айта аламын. Ең бастысы, көбірек ойын өткізіп, жаттықтырушылар штабының сенімін алдым. Мен өз ойынымды жақсартатын боламын, ойын уақытын арттырғым келеді.

- Өзің үшін ойында жақсартуды қажет ететін сәттерді белгіледім бе?

- Шынымды айтсам, маған көп сәттерді жақсарту қажет. Ең алдымен, физикалық қалпымды және сырғанауды одан бетер жақсарту қажет. Кейбір техникалық сәттерді жақсартып және мұнымен тоқтамау қажет.

- Егер статистикаға көз жүгіртсек, сен бұғатталған лақтырулар санын екі есе арттырдың. Сен мұны байқадың ба?

- Жоқ, байқамаппың. Жай ғана командаға, қақпашыға көмектесуге тырысудамын. Егер шайбаны ұстап қалу мүмкіндігі болса, мен оны жасауға тырысамын. Сонымен қатар, қазір хоккей де өзгерді ғой, барлығы кез-келген позициядан шайба тастауға тырысуда. Қақпашымызға дейін қаншалықты аз шайба жетсе, соғұрлым гол соғылу ықтималдығы да азаяды.

- Екінші жыл қатарынан сен ұлттық құрамаға шақырту алдың. Нұр-Сұлтанда алғашқы жиындар циклі қалай өтті?

- Құрамаға шақырту алғаныма өте қуаныштымын, өз елің үшін өнер көрсету деген зор мәртебе ғой. Елордада ойын-жаттығу жиындары өте жақсы өтті, үлкен жұмыс көлемі атқарылды. Енді мұның бәрін ойындарда қолдану қажет және жеңу керек.

- Команда қазір Латвияда және жолдастық ойындарға дайындалуда. Тактикалық сәттерді талдай бастадыңыз ба?

- Біз үнемі бейнелерді қарап отырамыз, өз дайындығымызды жақсартудамыз. Менің ойымша, қазір жолдастық ойындарда ұйлесімдерді қолданып, қорытынды шығаратын боламыз. Әлем чемпионатының басталуына қарай дайындығымыз жақсы болады.

- Мұндағы жағдайлар қалай, әлем чемпионатына толық дайындалу үшін бәрі қолайлы ма?

- Мұнда бәрі жақсы. Тыныш дайындалу, түрлі жаттығулар өткізу үшін барлық жағдайлар бар. Оған қоса еуропалық уақытқа бейімделеміз.

- Финляндияда өтетін әлем чемпионатына қатысатын көптеген командалар қазірдің өзінде бақылау ойындарын өткізуде. Байқадың ба?

- Басқа құрамаларға аса қарай қоймаймын, қазір ең бастысы өзімізге жақсы дайындалу. Кейде матчтардың есебін ғана қарап қоямын.

- Қазақстан құрамасының топтағы қарсыластарының арасында кімді ерекше атап өтер едің?

- «Элитада» тіпті біреуді ерекше атап өтуге болмас, себебі мұнда тек ең үздік құрамалар ойнайды. Сондықтан әр қарсыласқа назар аудару керек, әрқайсыңа әбден дайындалу қажет және барлық ойындарда максималды нәтиже көрсетуге тырысу керек.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2