Рудольф Червени Барыс сапын толықтырды
19 Қыркүйек 2023

Рудольф Червени Барыс сапын толықтырды

«Барыс» хоккей клубы Рудольф Червенимен келісімшарт жасасқанын ресми түрде мәлімдейді. Шабуылшымен жасалған біржақты келісімшарт бір маусымға есептелген (2024 жылдың 30 сәуіріне дейін).

Червени мансабының көп бөлігін Чехия чемпионатында өткізген. Форвард ҚХЛ-да 2018 жылы Братиславаның «Слован» командасы сапында дебют жасады. 2021/22 жылдар маусымында Рудольф Риганың «Динамосы» намысын қорғады.

Өткен маусымда хоккейші Владивостоктың «Адмиралы» құрамында өнер көрсетті. Тұрақты маусымның 60 ойынында 20 (13+7) ұпай олжалады. Плей-оффтың 12 матчында Червени 3 нәтижелі паспен көзге түсті.

Бүгін спортшы астаналық клуб сапындағы алғашқы жаттығуын өткізді.

Олег Болякин, «Барыс» бас менеджері

- Червени алғашқы бестіктердегі орталық шабуылшының орнын басады деп жоспарлап отырмыз. Ол ҚХЛ-да 150 матч өткізген, Лигамен жақсы таныс. Сондықтан Рудольфтің жаңа командаға үйренісіп, сіңісуіне аз уақыт кетеді деп сенеміз.


Рудольф Червени

Туған күні: 06.08.1989

Бойы: 182 см.

Салмағы: 88 келі.

Ойын таяғын ұстауы: солақай


«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте өз аренасында Тракторға қарсы кездесуімен бастайды

new-preview
Barys

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі: ҚХФ мен ҰННПЦФК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

new-preview
27 фото
Barys

Барыс 3х3 | 23 тур | 4 күн