Роман Старченко ойыншы ретіндегі мансабын аяқтап, Номадтың жаттықтырушылар штабына қосылды
16 Шілде 2026

Роман Старченко ойыншы ретіндегі мансабын аяқтап, Номадтың жаттықтырушылар штабына қосылды

BRS_6728 (1).JPG

Қазақстан хоккейінің әйгілі шабуылшысы Роман Старченко ойыншы ретіндегі мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Роман «Барыс» сапында 17 маусым өткізді. Ол ҚХЛ тарихында бір клуб құрамында ең көп матч өткізген ойыншы ретінде рекорд жасаған (819). Жалпы Лигадағы 871 кездесуде шабуылшы 215 шайба соғып, 209 нәтижелі пас берді. Өткен маусымда Роман «Номадтың» құрамында ойнап, командамен бірге Pro Ligasy чемпионы атанды.

Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Старченко әлем чемпионатына 18 рет қатысты, оның 10-ы элиталық дивизионда өтті. Сондай-ақ ол Азия ойындарының екі дүркін чемпионы және Азия чемпионы атанды.

Жаңа маусымда Роман Старченко жаттықтырушылық қызметке кірісіп, «Номад» клубында Константин Пушкарёвтің бапкерлер штабына қосылады.

«Барыс» хоккей клубы
Роман Старченкоға клубқа адал қызметі мен қазақстандық хоккейді дамытуға қосқан
өлшеусіз үлесі үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметінде толағай табыс пен жаңа
жетістіктер тілейді!

48c.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Барыс Диханбекпен екіжақты келісімшарт жасасты

new-preview
Nomad

Номад - Ертіс екінші ойыны алдында

new-preview
12 фото
Nomad

Номад - Ертiс