Роман Савченко Барысқа оралды
13 Шілде 2021

Роман Савченко Барысқа оралды

"Барыс" хоккей клубы қорғаушы Роман Савченкомен келісімшарт жасалғанын хабарлайды. Біржақты келісім бір маусымға есептелген (2022 жылғы 30 сәуірге дейін).

32 жастағы өскемендік тәрбиеленуші қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Бұған дейін ол тоғыз маусым бойы "Барыстың" намысын қорғап, еліміздің ұлттық құрамасына үнемі тартылып тұратын.

Роман соңғы екі жылын "Локомотивте" өткізді. Өткен маусымда Савченко 12 матч ойнады, онда ол бір қараусыз шайбамен ерекшеленді.  Жалпы, қорғаушы статистикасында ҚХЛ-да 560-тан астам матч бар.

"Барыс" ХК Бас серіктесі - "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Қазақстан әйелдер чемпионатындағы алғашқы ойынын 24 қазанда өткізеді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы